Мектепке дейінгі жастағы аутизммен ауыратын балаларды бастауыш мектепке дайындау: шағын шолу

Авторлар

  • Қатипа Тұмар Жетісу облысы білім басқармасы мемлекеттік мекемесі, Текелі қаласының «№ 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі https://orcid.org/0009-0004-3233-618X
  • Бакытгүл Сейтқазы https://orcid.org/0009-0000-4924-2893

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.020

Түйінді сөздер:

аутизм спектрі бұзылысы, мектепке дейінгі кезең, бастауыш мектепке көшу TEACCH бағдарламасы, өтпелі кезеңді жоспарлау

Аннотация

Мектепке дейінгі кезеңнен бастауыш мектепке көшу – барлық балалар үшін маңызды даму кезеңі болып табылады, бұл әсіресе Аутизм спектрі бұзылысы (АСБ) бар балалар үшін аса маңызды. Бұл шолу мектеп жасына дейінгі АСБ-мен ауыратын балаларды бастауыш мектепке сәтті енгізу үшін қажетті стратегияларды, қиындықтар мен қолдауларды зерттейді. Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан зерттеулерді, дәлелді тәжірибелерді және мұғалімдердің көзқарастарын талдай отырып, бұл мақала бастауыш білімге дайындығын арттыру үшін педагогтарға және ата-аналарға қолдануға болатын нақты ұсыныстар береді.

Жүктеулер

Жарияланды

28.03.2025