МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

  • Калиаджаров Диас І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ https://orcid.org/0009-0009-6821-309X
  • Бакраденова Алтын Бакраденовна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ https://orcid.org/0000-0001-6852-5856

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.008

Түйінді сөздер:

мектепке дейінгі балалар, ұлттық тәрбие, патриоттық сезім, сөз әдісі, рөлдік-іскери ойын, құндылықтар, ұлттық рәміздер

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – теориялық қағидалар мен эмпирикалық мәліметтер негізінде мектепке дейінгі кезеңнен бүлдіршіндерді патриоттық сезімге тәрбиелеуде ойындар мен сөздік әдісінің тиімділігін талдау, сондай-ақ ата-аналар мен балабақша педагогтеріне ұсыныстар беру. Авторлар балалардың отбасы, отан, туған ел туралы түсініктерін дамытып, патриоттық тәрбиенің адамгершілік құндылықтарды, соның ішінде туған елге деген сүйіспеншілікті қандай тиімді жолдармен берілуін талдайды. Теориялық зерттеулер мен эмпирикалық мәліметтер негізінде ойын және сөздік әдістерінің патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы маңызды рөлін көрсетеді. Ата- аналармен жүргізілген сауалнама көрсеткіштері отбасы мен балабақшада әлеуметтік институт ретінде халық мәдениетін отансүйгіштікке тәрбиелеу құралы ретінде толық пайдаланбайтындығы, ал бұл мәселені шешуде оның әлеуеті зор екені сарапталған. Зерттеу нәтижесінде, мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес патриоттық сезімге тәрбиелейтін қимылдық ойындарды, патриоттық мазмұндағы сахналық қойылымдарды, заманауи цифрлық ойындарды ұйымдастыру мен оқу-тәрбие процесінде патриоттық рухты шығармаларды қолдану үлгілері ұсынылған.

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2025