АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ: САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ МОТИВАЦИЯСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.3.018

Түйінді сөздер:

сандық технологиялар, студенттердің мотивациясы, ағылшын тілін оқыту, онлайн платформалар, білім беру қосымшалары, геймификация, заманауи білім беру технологиялары

Аннотация

Бұл мақалада сандық технологиялардың ағылшын тілін оқуда студенттердің
мотивациясына әсері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – онлайн платформалар, білім
беру қосымшалары және геймификация элементтері сияқты сандық құралдарды пайдалану
арқылы студенттердің мотивациясы мен академиялық үлгерімін арттыру жолдарын
анықтау. Ғылыми маңыздылығы студенттердің белсенділігі мен сандық технологияларды
қолдану арасындағы байланысты талдауда жатыр, бұл қазіргі заманғы педагогикалық
практикалардың дамуына ықпал етеді. Практикалық маңыздылығы – білім беру процесіне
сандық технологияларды енгізу бойынша оқытушыларға ұсыныстар беру. Зерттеуде
сауалнама, үлгерімді талдау және білім беру платформаларындағы белсенділікті бақылау
сияқты әдістер қолданылды. Негізгі нәтижелер көрсеткендей, сандық технологияларды
қолдану студенттердің белсенділігін 30%-ға арттырып, олардың академиялық
жетістіктерін жақсартады. Бұл зерттеу ағылшын тілін оқыту процесіне заманауи
технологияларды енгізуді көздейтін оқытушылар үшін пайдалы болуы мүмкін.

Қосымша файлдар

Жарияланды

28.10.2024