ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРЫНДА STEAM ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.3.017Түйінді сөздер:
Омыртқалылар зоологиясы, практикалық сабақ, оқыту, STEAM интеграцияланған әдісі, пайдалану тиімділігіАннотация
STEAM-білім беру – бұл ХХІ ғасырдың негізгі құзыреттерін қалыптастыруға
бағытталған интегративті педагогикалық технология, оның негізінде проблемалық,
жобалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері жатады.
Білім алушыларда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға, оларды әртүрлі ауқымдағы
ықтимал проблемаларды шешуге дайындау мақсатында өзгермелі жағдайларға
бейімделуге бағытталған әдістер. Қолдану нәтижесі бойынша биология сабақтарында
STEM технологияларын қолдану экспериментке қатысушылардың үлгеріміне оң әсер
еткенін көрсетті. Сонымен қатар, STEM қолдану студенттердің сабақтарында
теориялық және практикалық аспектілерін зерттеуге және түсінуге деген ынтасын
арттыратыны дәлелденді. Әдісті қолдану сонымен қатар әлемдік экономикада STEM -
сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті дамытуға ықпал ететін оқу орындары мен қоғам
арасында берік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.