ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.3.007%20

Түйінді сөздер:

өскелең ұрпақ, интернет кеңістігі, тәуелділік, кибербуллинг, қорқыту, аутоагрессия, қолдау

Аннотация

Өскелең ұрпақ цифрлық революцияның орталығында және жаһандануда маңызды және ерекше рөл атқарады. Олар стереотиптерді тоздырып, мәдени әртүрлілікті арттыра отырып, инновацияның қайнар көзіне айналды, интернет кеңістігі арқылы өздерінің идеялармен, пікірлермен және тәжірибелермен еркін алмасуға мүмкіндіктері мол. Басқа елдердегі теңдес, қатарлас жастармен байланысқа емін-еркін шыға алады. Сонымен қатар халықаралық жобалар мен компанияларға да қатысып, өздерінің ерекше мәдени және әлеуметтік перспективаларымен бөлісе алады. Алайда, цифрлық технологиялар мен ғаламтордың пайда болуымен қазіргі заман күрделі жүйеге айналды, онда жасөспірімдер виртуалды әлемде көбірек уақыт өткізіп, көптеген өзекті проблемаларға тап болуда. Зерттеудің мақсаты, идеялары мен негізгі бағыттары жаһандану дәуірінде өскелең ұрпақтың тап болатын өзекті мәселелерін анықтау мен талдауға негізделген. Бұл мақаланың ғылыми маңызы тез өзгеріп жатқан әлемде жасөспірімдердің әлеуметтік идентификациясын қалыптастыруға әсер ететін факторларды жүйелі түрде талдауда жатыр. Бұл олардың психо-әлеуметтік бейімделуі мен әлеуетті тәуекелдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыстың практикалық маңызы ата-аналарға, педагогтерге және әлеуметтік қызметкерлерге жасөспірімдерге жаңа әлеуметтік шындықтарды игеруге және туындаған қиындықтарды жеңуге көмек көрсетуге бағытталған ұсыныстар әзірлеуде жатыр, бұл олардың қоғамға сәтті интеграциялануына ықпал етеді. Зерттеу сонымен қатар қазіргі заманғы технологиялар мен жаһандану әсерінен туындайтын мәселелерді алдын алу мен түзетуге арналған тиімді бағдарламаларды әзірлеуге бағытталған келесі ғылыми зерттеулер үшін негіз бола алады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

28.10.2024