ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.109.4.006Түйінді сөздер:
PISA, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, функционалдық сауаттылықАннотация
PISA-ның АКТ сауаттылығын зерттеу білім беру жүйелерінің оқушыларды қазіргі әлемде ақпараттық технологияларды қолдануға қаншалықты сәтті дайындайтынын бағалауға көмектеседі. Ол сондай-ақ, оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытудағы елдер мен аймақтар арасындағы айырмашылықтарды анықтайды.
PISA-да алынған зерттеулер мен деректер әлемдік контекст пен осы саладағы ең жақсы тәжірибелерді ескере отырып, АКТ сауаттылығын білім беру жүйелеріне біріктірудің стратегиялары мен әдістерін әзірлеуге негіз бола алады. PISA-ның АКТ сауаттылығы нәтижелері білім беру саясаты деңгейінде шешім қабылдау және білім беру бағдарламаларын жақсарту үшін де пайдалы болуы мүмкін.