ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ АУА РАЙЫН БАҚЫЛАУ МӘЛІМЕТТЕРІН ТАЛДА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.109.4.007

Түйінді сөздер:

зерттеу құзіреттілігі, ауа райы, метеорология, климатограмма, бұлттылық диаграммасы, жел өрнегі, синоптикалық карта

Аннотация

Мақалада заманауи автоматты метеорологиялық бақылау приборларын пайдаланып жергілікті жерде ауа райын метеорологиялық элементтері мен атмосфералық  құбылыстарды тұрақты бақылау нәтижелерін тіркеу және графиктік өңдеу негізінде болашақ география пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықтарын дамыту, зерттеу құзіреттіліктерін қалыптастыру әдістері қарастырылған.

Тақырыптың мазмұнын ашу үшін 2021-2022 жылдар аралығындаауа райына метеорологиялық  бақылаулар жүргізу  барысында алынған сандық мәліметтерді өңдеу арқылы климатограмма,   бұлттылық диаграммасын, жел өрнегін құру және оларды түсіну, оқу, талдау арқылы жергілікті жердің микроклиматын зерделеу, білімгерлердің зерттеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдеріне талдау жасалған.

Білім мазмұны жаңартылу жағдайында «Жаратылыстану», «Метеорология және климатология негіздері», Қазақстанның физикалық географиясы» пәндерін оқыту үрдісінде, далалық оқу іс тәжірибелері барысында  жергілікті жерде жүргізілген метеорологиялық бақылау нәтижелерін пайдалану арқылы болашақ география пәні мұғалімдерінің зерттеу құзіреттіліктерін қалыптастырудың тиімді әдістері мен технологиялары сараланған.

Жүктеулер

Жарияланды

23.02.2024

Шығарылым

Бөлім

Естественно-техническое направление