ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: ИЛЛИНОЙС УНИВЕРСИТЕТІ УРБАНА–ШАМПЕЙН КАМПУСЫНДАҒЫ «500 ҒАЛЫМ» ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.025Түйінді сөздер:
зерттеу тағылымдамасы, кәсіби даму, академиялық мобильділік, «500 ғалым» бағдарламасы, педагогика, халықаралық ынтымақтастық, жоғары білімАннотация
Мақала «500 ғалым» бағдарламасы аясында Иллинойс университетінде (Урбана–Шампейн) зерттеу тағылымдамасынан өткен қазақстандық жоғары оқу орындары оқытушыларының тәжірибесін талдауға бағытталған. Зерттеу педагогика бағыты бойынша тағылымдамадан өткен топтың кәсіби, педагогикалық және зерттеушілік құзыреттерінің дамуына академиялық мобильділіктің ықпалын бағалауды мақсат етеді. 2024–2025 жылдары тағылымдамадан өткен 46 стипендиатқа жүргізілген кейс-стади әдістемесі сауалнама, сұхбат, білім беру өнімдерін талдау және академиялық нәтижелерді бағалау әдістерін қамтыды.
Зерттеу нәтижелері тағылымдаманың оқытушылардың ұзақ мерзімді академиялық дамуына айтарлықтай әсер еткенін көрсетті. Қатысушылардың академиялық жазу дағдылары жетілді, жарияланым белсенділігі артты және халықаралық ғылыми қауымдастыққа кірігу деңгейі күшейді. Менторлық, пәнаралық ынтымақтастық және институционалдық қолдау негізгі факторлар ретінде анықталды. Стипендиаттар педагогикалық инновациялар, білім берудегі жасанды интеллект, академиялық жазу бойынша курстарға қатысып, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне бейімделген оқу модульдерін әзірледі. Маңызды нәтижелерге халықаралық журналдардағы жарияланымдар, конференцияларға қатысу, грант иелену және шетелдік зерттеушілермен бірлескен жобаларды бастау жатады.
Мақала халықаралық академиялық бағдарламалардың жоғары білім жүйесіндегі трансформациялық өзгерістерге қозғаушы күш болатынын айқындайды. Алынған тәжірибені институционалдандыру, реинтеграция тетіктерін қолдау және тиімді практикаларды ұлттық деңгейде масштабтау қажеттілігі негізделеді. Зерттеу нәтижелері академиялық мобильділік стратегияларын және оқытушылардың кәсіби даму саясатын әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін.
ҚАЗ
РУС
ENG