БЕЙІНАЛДЫ ДАЯРЛАУДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.017Түйінді сөздер:
ерекше білім беру қажеттіліктері, бейіналды даярлау, психологиялық-педагогикалық қолдау, кәсіби бағдар беру, кәсіби өзін-өзі анықтау, инклюзивті білім беру, әлеуметтенуАннотация
Мақала ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бейіналды даярлау үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мәселесімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларда әлеуметтік және кәсіпке дейінгі құзыреттілікті, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту мәселелеріне арналған. Бейіндік білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың жеке формаларын пайдалану үшін үлкен болжамдық әлеуетке ие. Бейінді таңдау мәселесі осы оқушылар үшін де, олардың ата-аналары үшін де қиындық тудырады.Зерттеудің мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруқажеттіліктері бар оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ететін психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен құрылымын ғылыми тұрғыда негіздеу. Зерттеудің негізгі идеясы бейіналды даярлауды осы қатардағы білім алушыларды өмірлік және кәсіби таңдауға кешенді дайындаудың тиімді құралы ретінде қарастыруға негізделеді. Зерттеудің ғылыми маңызы психологиялық-педагогикалық қолдаудың кезеңдері мен бағыттарын жүйелеу арқылы бейіналды даярлау теориясын толықтыруымен сипатталады. Практикалық маңызы зерттеу нәтижелерін білім беру ұйымдарында педагогтер, психологтар және әлеуметтік педагогтер пайдалана алуымен айқындалады. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстырмалы талдау, педагогикалық бақылау және жалпылау әдістері қолданылды. Жүргізілген зерттеудің мәні – ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бейіналды даярлау үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың теориялық негіздері. Нәтижесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бейіналды даярлау үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдауды тиімді іске асырудың кезеңдері айқындалып, оның кәсіби бағдарлау тиімділігін арттыратыны дәлелденді.
ҚАЗ
РУС
ENG