ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ «ЖАС АГРОНОМ» ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Аскарбекова Кенжегуль Бауыржановна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0001-9451-8940
  • Кереева Айгерим Равильевна Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалы, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0009-0004-0695-8903
  • Акмуллаева Айжан Сейткановна Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0006-5687-0605

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.010

Түйінді сөздер:

жас агроном, факультатив, тәжірибе, ауыл шаруашылығы, оқушылар, кәсіби бағдарлар, экологиялық дағдылар, зерттеу жүргізу

Аннотация

Мақалада тәжірибелік жұмыстар негізінде «Жас агроном» факультативтік курсын әзірлеу және оқыту тәжірибесінде қолдану зерттелді.

Зерттеу жұмысына жалпы 288 оқушы қатысты: олардың 144-і 7-сынып, 144-і 8-сынып оқушылары болды. Әр сынып параллелінде (A, B, C, D, E, F) 24 оқушыдан болды. Зерттеу барысында биология пәні бойынша қосымша факультативтік сабақтарды енгізу арқылы оқушылардың аграрлық білімге қызығушылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Тәжірибелер нәтижесінде оқушылардың ғылыми ізденісінің айтарлықтай дамығаны байқалды. Олар бақылау нәтижелерін жазу, деректерді талдау, салыстыру, қорытынды жасау сияқты әрекеттерді меңгерді. Бұл дағдылар тек аграрлық бағытта ғана емес, жалпы оқу үлгеріміне де оң әсерін тигізетіні белгілі. «Жас агроном» факультативтік курсына қатысатын оқушылардың пәнге қызығушылығы артты, оның ішінде ғылыми тәжірибелер мен ғылыми тұжырымдарды қорытындылаған кезде 95 % жуығы толық қатысып, өз ойлары мен қызықты тәжірибелерімен қасындағы жас ғалымдарға көрсетті.

Зерттеу нәтижелері «Жас агроном» факультативтік курсы – ауыл шаруашылығы негіздерін, өсімдік өсіру мен топырақ құнарлылығын сақтау, агротехникалық шараларды орындау сияқты базалық ұғымдарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, қолжетімді тілде түсіндіруге бағытталған арнайы курс. Бұл курс аясында оқушылар тек теориялық біліммен шектелмей, мектеп ауласында, оқу-тәжірибе үлескісінде, жылыжайда немесе қолда бар шағын алаңдарда нақты тәжірибелік жұмыстар орындайды. Осындай практикалық әрекет арқылы оқушылар өсімдіктердің өсу кезеңдерін бақылап, тұқым себу, күтім жасау, суару, зиянкестерден қорғау, өнім жинау сияқты агротехникалық дағдыларды меңгереді.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Аскарбекова Кенжегуль Бауыржановна, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Докторант, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Казахстан, г. Талдықорған e-mail: kenzhegul.askarbekova@mail.ru, ORCID: 0000-0001-9451-8940).

Кереева Айгерим Равильевна , Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалы, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Магистр, «Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы  (Қазақстан, Талдықорған қ., e-mail: ai.k.r@mail.ru,  ORCID: 0009-0004-0695-8903).

Акмуллаева Айжан Сейткановна , Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Қазакстан, Алматы қ., e-mail: Akmullayeva.Aizhan@kaznu.kz, ORCID: 0009-0006-5687-0605).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 9

Жарияланды

30.03.2026