ТРАПЕЦИЯНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.007Түйінді сөздер:
трапеция ұғымы, мәнді белгілері, анықтамалары, көлемі, қиық үшбұрыш, трапецияны түрлерге жіктеуАннотация
Мақалада мектептегі геометрия курсында трапеция ұғымын оқыту барысында туындайтын теориялық және әдістемелік мәселелер талданады. Мектептегі геометрия оқулықтарын салыстыра қарастыру нәтижесінде трапецияға қатысты мазмұндық алшақтықтар мен бірізділіктің сақталмауы анықталды. Атап айтқанда, трапецияның бір түрінің нақты атауы енгізілмей, әртүрлі оқулықтарда әртүрлі атаулармен берілуі – оқу үдерісінде түсінбеушілік тудыратын маңызды кемшіліктердің бірі. Сондай-ақ, трапеция ұғымына қатысты анықтамалардың бір-біріне сәйкес келмеуі, олардың мазмұндық тұрғыдан әртүрлі құрастырылуы да пәнді терең меңгеруге кедергі келтіретін елеулі мәселе екені көрсетіледі.
Ғылыми тұрғыдан алғанда, кез келген геометриялық ұғымның мазмұны, атауы және жіктелуі толық әрі дәл анықталуы тиіс. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мақсаты – оқулықтарда атаусыз келген трапеция түріне нақты ғылыми атау беру және оның геометриялық табиғатын ашып көрсету. Трапецияны «қиық үшбұрыш» ретінде қарастырып, үшбұрышты бір қабырғасына параллель түзу арқылы қию нәтижесінде пайда болатын жаңа трапеция түрлері анықталды. Нәтижесінде бұрын атаусыз келген трапеция «сүйір бұрышты трапеция» деп аталып, сонымен бірге «доғал бұрышты трапеция» ұғымы ғылыми айналымға енгізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – жаңа анықтамалар мен жіктеулер негізінде трапецияның бірқатар жаңа қасиеттерінің ашылуы және ауданын есептеуге арналған жаңа формулалардың қорытылуында. Бұл нәтижелер геометрия ғылымының дамуына үлес қосты әрі мектепте трапецияны оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін математика мұғалімдері аталған жаңалықтарды соңғы жиырма бес жыл ішінде оқу тәжірибесінде тиімді қолданып келеді.
ҚАЗ
РУС
ENG