ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН-КУРСТАРДЫ (ЖАОК) ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН КЕДЕРГІЛЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.011Түйінді сөздер:
құқықтық білім, құқықтық сана, цифрлық технологиялар, цифрлық платформалар, жаппай ашық онлайн-курстар (ЖАОК), аралас оқыту, интеграцияАннотация
Бұл зерттеуде жаппай ашық онлайн-курстарды оқу процесіне интеграциялаудың әлеуеті мен оған кедергі келтіретін факторларға талдау жасалады. Пандемия жағдайында жоғары оқу орындарында техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен қашықтықтан оқыту нысандарына ауысуы цифрлық білім беру ресурстарына сұранысты айтарлықтай арттырды. Бұл тұрғыда онлайн-курстарды оқу процесіне енгізу жедел және ресурстық тиімді шешім ретінде ұсынылды. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін университет ортасында онлайн-курстарды қолдану және таралу деңгейі салыстырмалы түрде төмен болып қала береді. Бұл жағдай осы зерттеудің өзектілігін анықтады, оның мақсаты онлайн-курстарды шектеулі пайдалану себептерін анықтау және оларды тиімдірек енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Зерттеудің эмпирикалық базасы жоғары оқу орындарының оқытушыларымен жүргізілген сауалнамалар мен сұхбаттар барысында жиналған деректерді талдау негізінде қалыптасады. Зерттеу нәтижесі онлайн-курсты интеграциялаудың негізгі кедергілерін анықтады: форматтың ерекшелігі, оқытушыларды ынталандырудың жеткіліксіздігі, курстарды оқу бағдарламаларына енгізу кезінде туындайтын әкімшілік тәуекелдер, сондай-ақ университеттегі нормативтік базаның әлсіздігі. Сонымен қатар, зерттеу білім алушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту және білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру аспектілерінде онлайн-курстардың жоғары әлеуетін растайды. Мақалада онлайн-курстарды қолдану тәсілдерін оңтайландыру және оларды университеттердің білім беру процесіне интеграциялау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
ҚАЗ
РУС
ENG