A БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІН БАЛАБАҚШАДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЯРЛАУ

Авторлар

  • Исаева Айгуль Арыстанбекқызы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ. https://orcid.org/0009-0007-3578-1782
  • Хусаинова Гульзада Ануаровна Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ. https://orcid.org/0000-0002-1164-7390
  • Хожанбекұлы Қазыбек Халықаралық Астана университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ. https://orcid.org/0009-0001-2580-9936

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.015

Түйінді сөздер:

музыка мұғалімі, мектепке дейінгі білім беру, кәсіби даярлық, интегративті модель, этнопедагогика, педагогикалық эмпатия, педагогикалық эксперимент

Аннотация

Мақалада қазіргі музыкалық-педагогикалық жоғары білім беру жүйесінде байқалатын теориялық білім мен мектепке дейінгі тәжірибенің нақты талаптары арасындағы алшақтықты жеңуге бағытталған. Жұмыстың мақсаты – болашақ музыка мұғалімдерінің балабақшадағы кәсіби қызметке даярлығын арттыратын және оның тиімділігін эмпирикалық тұрғыдан тексеретін интегративті педагогикалық модельді әзірлеу.

Зерттеу педагогикалық эксперимент ретінде жүргізілді. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша оқитын 60 студенті эксперименттік (N=30) және бақылау (N=30) топтарына бөлінді. Эксперименттік топқа үш компоненттен тұратын интегративті оқу модулі енгізілді: 1) қазақтық этнопедагогикалық материалдарды пайдалану; 2) Д. Эллиотттың «musicing» философиясына негізделген шығармашылық-іс-әрекеттік тапсырмалар (импровизация, рөлдік ойындар); 3) рефлексивтік-практикалық компонент (бейне-талдау, сараптамалық кері байланыс). Бақылау тобы дәстүрлі бағдарлама бойынша оқытылды. Тиімділік когнитивтік, эмоционалдық-құндылықтық (В.В. Бойко әдістемесінің бейімделген нұсқасы) және іс-әрекеттік (Е. Торренс тесті негізіндегі музыкалық-педагогикалық тапсырмалар) компоненттер бойынша бағаланды. Деректерді статистикалық өңдеу SPSS 26.0 бағдарламасында Стьюденттің t-критерийі арқылы жүргізілді.

Эксперименттік топта жоғары кәсіби дайындық деңгейіне жеткен студенттердің үлесі 22%-дан 58%-ға дейін өсті (өсім +36 п.п.), ал төмен деңгейдегілердің үлесі 30%-дан 6,7%-ға дейін төмендеді. Бақылау тобында өзгеріс статистикалық маңызды болмады. Әрбір компонент бойынша орташа баллдарда айтарлықтай өсім байқалды: эмоционалдық-құндылықтық компонентте +0,90 балл (Mбаст=2.00; Mсоң=2.90), іс-әрекеттік компонентте +0,90 балл (Mбаст=1.93; Mсоң=2.83), когнитивтік компонентте +0,77 балл (Mбаст=2.10; Mсоң=2.87). Топтар арасындағы айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан маңызды болды (p < 0,001). Сапалық талдау (рефлексиялық эсселер, сараптамалық бақылау) студенттердің кәсіби позициясының «сабақ берушіден» баланың эмоционалдық-шығармашылық серіктесіне қарай өзгергенін растады.

Зерттеу болашақ музыка мұғалімдерін мектепке дейінгі білім беруге даярлауда теория мен практиканың фрагменттік үйлесімсіздігі мәселесін жеңу үшін интегративті тәсілдің қажеттілігін дәлелдеді. Этнопедагогикалық, шығармашылық-іс-әрекеттік және рефлексивтік компоненттерді біріктіретін ұсынылған модель студенттердің кәсіби дайындығын, әсіресе эмоционалдық эмпатия мен практикалық икемділік сияқты шешуші сапаларды айтарлықтай арттыратыны көрсетілді. Модель музыкалық педагогикалық білім беруді жаңарту үшін тәжірибелік негіз ретінде қызмет ете алады.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Исаева Айгуль Арыстанбекқызы , Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Докторант, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (Қазақстан, Астана қ,, e-mail: aigul_isaeva_20@mail.ru, ORCID: 0009-0007-3578-1782).

Хусаинова Гульзада Ануаровна , Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (Қазақстан, Астана қ,, e-mail: husainovagulzada@mail.ru,  ORCID: 0000-0002-1164-7390).

Хожанбекұлы Қазыбек , Халықаралық Астана университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Өнертану ғылымдарының магистрі,  Халықаралық Астана университеті (Қазақстан Астана қ., e-mail: kkojanbek@gmail.com, ORCID: 0009-0001-2580-9936).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 0

Жарияланды

30.03.2026