ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ КҮЙЗЕЛІС ҚАУПІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.003Түйінді сөздер:
инклюзивті білім беру, инклюзия, педагог қажуы, күйзеліс, кәсіби қажу, эмоционалды күйіну, мұғалімнің жеке қасиеттеріАннотация
Бұл мақалада инклюзивті білім беру мұғалімнің кәсіби күйзеліс факторы ретінде қарастырылып, оны алдын алу бойынша зерттеулер келтірілген. Қазіргі заманғы педагог инклюзивті білім беру міндеттерін нақты жүзеге асыруда көптеген қиындықтарға тап болады, бұл кәсіби қажуға әкеледі. Шетелдік ғылыми еңбектерді талдау негізінде инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби қажуының алдын-алудың мәні, маңызы және педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері анықталды. К. Маслач әдістемесі бойынша кәсіби қажу кезеңдері анықталды. Педагогтың жеке қасиеттері инклюзивті білім беруді сәтті жүзеге асырудың шарттары ретінде қарастырылады. Қолайсыз эмоционалды жағдайлардың алдын алу үшін эмоционалды стрессті төмендететін және арттыратын әдістер ұсынылды. Инклюзивті білім берудегі педагогтардың кәсіби қажуының себептері және қажуға ықпал ететін жағымсыз жеке қасиеттер анықталды. Сондай-ақ, педагогикалық үдерісте қолайлы жағдайлар жасауға, педагогтердің психологиялық тұрақтылығын арттыруға және барлық балалар үшін білім беру сапасын арттыруға бағытталған инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби қажуының алдын алу моделі ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде педагогтардың кәсіби қажуының алдын алу үшін ұсыныстар берілді: эмоционалды интеллектті дамыту; позитивті ойлау әдістері; уақытты басқару; жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігін табу.
ҚАЗ
РУС
ENG