ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.009Түйінді сөздер:
генеративті жасанды интеллект, ЖИ-мәтіндер, авторлықты тану, демиялық жазылым, жазбаша сөйлеуді қабылдау, академиялық адалдықАннотация
Бұл мақала Қазақстан жоғары оқу орындарының орыс тілі пәні мұғалімдерінің жасанды интеллект жасаған академиялық мәтіндерді анықтау қабілетін зерттеуге арналған. Эксперименттік деректер тіпті тәжірибелі мамандардың да мәтін авторлығын дәл анықтауда қиындықтарға тап болатынын көрсетеді, бұл генеративті ЖИ-дың академиялық жазу стиліне жоғары деңгейде бейімделгенін дәлелдейді. Зерттеу барысында оқытушылардың субъективті сенімділігі мен нақты анықтау дәлдігі арасындағы алшақтық талданып, сонымен қатар алынған нәтижелер шетелдік зерттеулер деректерімен салыстырылады. Білім беру үдерісінде ЖИ-мәтіндердің бақыланбайтын пайдаланылуымен байланысты педагогикалық және этикалық тәуекелдерге кешенді талдау жасауға ерекше назар аударылады. Жұмыста оқу бағдарламаларына цифрлық сауаттылық пен «ЖИ-сауаттылық» элементтерін енгізу, бағалаудың дәстүрлі критерийлерін іргелі қайта қарау және академиялық адалдық саясатын нығайтудың өзекті қажеттілігі негіздене түсіндіріледі. Қазақстанның лингвистикалық білім беру жүйесін жаңа сындарға бейімдеудің ерекше өзектілігі атап өтіледі, бұл студенттерде сыни тұрғыдан ойлау, рефлексия және жасанды интеллект қайта жасай алмайтын бірегей дағдыларды дамытуды талап етеді. Алынған нәтижелер репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық тапсырмаларға көшу қажеттілігін көрсетеді, бұл бағалаудың объективтілігі мен оқу үдерісінің тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.
ҚАЗ
РУС
ENG