ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКА МЕН МӘДЕНИЕТ АЯСЫНДАҒЫ МӘШҺҮР ЖҮСІП ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ГУМАНИСТІК ИДЕЯЛАР
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.005Түйінді сөздер:
гуманизм, педагогика, мәдениет, контекст, идея, жасанды интеллект, құзіреттілік, әдістемеАннотация
Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің гуманистік идеяларды насихаттайтын шығармаларының жіктелуі, көтерген тақырыбы және әр гуманистік идея ұғымын ашатын атаулардың сыры, сондай-ақ осы шығармаларды жоғары оқу орнында оқыту жүйесі мен нәтижелері талданады. Мәшһүр Жүсіптің афоризмдері адамгершілік, әділеттілік, имандылық, ар-ождан, сабырлық, қайырымдылыққа үндейді. Қазіргі педагогика ғылымында заманауи цифрлық тенологиялар, тиімді әдістер, жасанды интеллект платформалары арқылы автор туындыларын оқыта отырып білімгерлерде қалыптасатын құзіреттілік нәтижелері қарастырылады. Мақалада Мәшһүр Жүсіп поэзиясындағы гуманистік құндылықтар қазіргі педагогикалық үдерістермен, әсіресе рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсаттарымен салыстырылып, олардың өзектілігі мен қолданбалы маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, автор халықтық мәдениеттегі дәстүрлі құндылықтарды сақтап қалуда Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығының маңызын ерекше атап өтеді. Оның өлеңдері тек әдеби мұра ретінде ғана емес, сонымен қатар тұлға тәрбиелеудің, ұлттық мәдениетті жаңғыртудың, және жастардың рухани дүниесін байытудың тиімді құралы ретінде ұсынылады.
ҚАЗ
РУС
ENG