ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.016Түйінді сөздер:
информатика, интербелсенді технологиялар, компьютерлік технология, жоғары оқу орны, оқытудың интербелсенді әдістері, үдеріс, оқытушы, білімгерАннотация
Мақалада алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқу үдерісіне әсері қарастырылған. Авторлар білімгерлердің білім беру тәжірибесін арттыру үшін көп қырлы бірлескен оқыту сияқты интербелсенді әдістердің маңыздылығын атап көрсетеді. Мақалада осы әдістерді сәтті енгізудің практикалық мысалдары және олардың болашақ информатика мамандарының дағдыларын дамытудағы рөлі көрсетілген.Зерттеу мақсаты – информатиканы оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың артықшылықтары мен ықтимал шектеулерін анықтау. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы басқа оқу орындарына ұсынылуы мүмкін сәтті стратегияларды көрсету үшін интербелсенді әдістерді қолдану тәжірибесімен алмасуда жатыр.Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы – педагогтерге және оқу орындарына интербелсенді әдістерді оқу үдерісіне табысты енгізуге арналған практикалық ұсыныстар беру.Зерттеу әдістемесі информатиканы оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану бойынша бар ғылыми жарияланымдарды, зерттеулер мен мақалаларды талдауға негізделген. Білім берудегі интербелсенді әдістердің тиімділігіне қатысты педагогикалық тұжырымдамалар мен теорияларға да сараптама жүргізілді.Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде компьютерлік технологиялар мен интербелсенді әдістерді қолдану, оқыту сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл зерттеу оқу үдерісінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын анықтап, білімгерлердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу білім берудегі инновациялық тәсілдердің теориялық және практикалық негізін қалыптастырып, оқытушыларға оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар береді. Осылайша, жүргізілген жұмыс білім беру саласында цифрлық технологияларды енгізу мен қолданудың ғылыми негізделген үлгісін ұсына отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға үлес қосады.Біздің зерттеуіміздің негізгі нәтижелері мен талдаулары интербелсенді әдістер білімгерлердің мотивациясын және олардың оқу үдерісіне белсенді қатысуын айтарлықтай арттыратынын көрсетеді.
ҚАЗ
РУС
ENG