ҚАЗАҚ ӘНШІ-АҚЫНДАРЫ ПОЭЗИЯСЫН ЦИФРЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.014Түйінді сөздер:
цифрлық әңгімелеу, әнші-ақындар, қазақ әдебиеті, педагогика, мультимедиалық оқу, жобалау, АКТ, мотивацияАннотация
Әнші-ақындардың шығармашылығы бүгінгі мектеп оқушыларының рухани-мәдени дамуы үшін аса құнды. Алайда бүгінгі білім алушылардың танымдық әлеуеті мен қабылдау ерекшеліктері заман талабына қарай едәуір өзгергенін ескеру маңызды.
Мақала жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына қазақ әнші-ақындарының поэзиясын цифрлық әңгімелеу әдісі арқылы оқытудың психолингвистикалық және педагогикалық тиімділігін зерттеуге бағытталған.
Зерттеудің өзектілігі қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың жаңашыл әдістерін енгізу қажеттігімен түсіндіріледі. Қазақстанның орта мектеп бағдарламасында XIX ғасыр әнші-ақындарының өмірі мен шығармалары тақырып ретінде қамтылған. Аталған материалды оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ оқушыны орталық тұлға ретінде танып, оның дербес білім алуына негізделген белсенді әдістерді қолдану – қазіргі білім беру жүйесінің басты талабы.
Зерттеудің мақсаты – қазақтың әнші-ақындары поэзиясын цифрлық әңгімелеу (digital storytelling) әдісі арқылы оқытудың психолингвистикалық және педагогикалық тиімділігін айқындап, мектеп тәжірибесіне енгізуге арналған мазмұндық-әдістемелік үлгі ұсыну.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – әнші-ақындар шығармаларын мультимедиалық форматта қайта баяндаудың (видеоэссе, деректі қысқаметраж, поэзиялық подкаст, анимация) бірізді моделі жасалды, бағалау рубрикасы мен нақты тапсырмалар картасы әзірленді. Зерттеу барысында сауалнама, педагогикалық эксперимент, поэтикалық талдау әдістері қолданылып, Canva, StoryMap, Adobe Express сынды цифрлық құралдар интеграцияланды. Нәтижесінде цифрлық әңгімелеу оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық пен тілдік құзыреттілігін дамытатыны анықталды. Оқыту үрдісінде цифрлық әңгімелеуді пайдалану оқушылардың эмоционалды танымын күшейтіп, қазақ әнші-ақындары шығармаларының идеясын терең түсінуге жағдай жасайды. Зерттеу жұмысы цифрлық педагогика мүмкіндіктерін ұлттық әдебиетті оқытуда тиімді қолданудың ғылыми негізін қалайды.
ҚАЗ
РУС
ENG