ЗАМАНАУИ ЖИ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МЕН ОҚЫТУ САПАСЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.012Түйінді сөздер:
жасанды интеллект (ЖИ), ынталандыру, нәтижелер, информатика, білім алушылар, сапа, білім, әдістеме, талдауАннотация
Бұл мақалада Қазақстан мектептеріндегі информатика пәні сабақтарында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың білім алушылардың оқу мотивациясына, танымдық белсенділігіне және жалпы оқу жетістіктеріне тигізетін ықпалы жан-жақты және жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеу барысында тақырыпқа байланысты отандық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жарияланымдарға терең шолу жасалып, білім беру практикасында ЖИ технологияларын енгізудің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелері сарапталады.
Жұмыстың басты мақсаты – оқу процесінде жасанды интеллектті пайдалану информатика пәні бойынша білім алушылардың қызығушылығын арттыруға, олардың пәнді меңгеру деңгейін жақсартуға және оқу үлгерімінің тұрақты өсуіне қалай әсер ететінін нақты деректермен көрсету.
Авторлар отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін, ғылыми еңбектерін, сондай-ақ өзінің педагогикалық тәжірибесін негізге ала отырып, қазіргі таңда кең қолданысқа ие жасанды интеллект құралдарының білім алушылардың мотивациясына ықпалы, оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктері және оқу процесін дербестендіруде атқаратын рөлі жан-жақты талданады. Сонымен бірге ЖИ технологияларының оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, білімді визуалдау және нақты проблемаларды шешу қабілеттерін жетілдіру тұрғысынан беретін артықшылықтары көрсетілген.
Мақалада жасанды интеллект құралдарын білім беру процесіне енгізудің практикалық мысалдары, қолдану әдістері, тиімді педагогикалық тәсілдері беріліп қана қоймай, олардың ықтимал тәуекелдері мен шектеулері, сонымен бірге бұл қауіптерді азайту жолдары да егжей-тегжейлі сипатталған. Авторлар жүргізген педагогикалық эксперимент нәтижелері ЖИ технологияларын қолдану оқу үлгерімінің орта есеппен 21%-ға өсуіне, ал оқуға деген ынталандыру деңгейінің 76%-ға дейін артуына оң әсер еткенін айқын көрсетіп отыр.
Сонымен қатар мақалада информатика сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану барысында туындауы мүмкін проблемаларды алдын ала болжау, өзіндік бақылау жүргізу және жүйелі талдау жасау қажеттілігі атап өтіледі. Авторлар ЖИ-ды мектеп білім беру жүйесіне сауатты, жауапкершілікпен және педагогикалық тұрғыдан негізделген түрде интеграциялаған жағдайда ғана оның оқыту сапасын арттыруда, білім алушылардың қызығушылығын ынталандыруда және XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруда зор мүмкіндіктерге ие екенін қорытындылайды.
ҚАЗ
РУС
ENG