ААЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.004Түйінді сөздер:
зерттеу мәдениеті, жобалап оқыту, STEM технологиялары, педагогтің кәсіби құзыреттері, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруАннотация
Мақалада болашақ бастауыш білім педагогтерінің зерттеушілік мәдениетінің қазіргі жай-күйі талданады. Бұл мәселе бүгінгі білім беру жүйесінде өзекті, әрі жаңа бағыттардың бірі болып саналады. Себебі студенттердің зерттеушілік мәдениетін дамытуға арналған нақты әдістемелер мен ғылыми негіздер әлі де жан-жақты толыққанды зерттелмеген. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінде мұғалімнің кәсіби қызметіне қажетті пәндік, педагогикалық, әдістемелік, цифрлық, құқықтық және қарым-қатынастық құзыреттерді меңгеруі міндетті деп көрсетілген. Аталған мақалада философиялық, психологиялық және педагогикалық еңбектер негізінде зерттеу мәдениетінің мәні ашылып, мазмұнына теориялық түсініктер беріледі. Сондай-ақ, болашақ мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамытудың маңыздылығы көрсетіледі. Бұл болашақта студенттердің дипломдық жұмыс, ғылыми мақала, жоба сияқты академиялық тапсырмаларды сапалы орындауына, сондай-ақ кәсіби қызметінде дербес шешім қабылдап, проблемаларды талдап, оңтайлы шешім табуына алғышарт болады. Осыған байланысты, STEM мен жобалап оқыту технологияларын енгізудің маңызы артып отыр. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру қағидаттары, зерттеу мәдениетінің құрылымдық бөліктері, оны қалыптастыру сатылары және жобалау негізіндегі оқу процесі мақалада кеңінен қарастырылған. Сонымен қатар, педагогтің зерттеушілік мәдениетін дамытудың тиімді тетіктері айқындалып, технологиялық компонентін қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық шарттар анықталған.Зерттеу барысында теориялық әдістер (жинақтау, салыстыру, талдау, жүйелеу, ғылыми еңбектерге шолу) қолданылды. Бұл тәсілдер зерттеу мәдениетінің мазмұнын жан-жақты ашуға және болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.
ҚАЗ
РУС
ENG