"NEUROGYM" – НЕЙРОГИМНАСТИКАЛЫҚ САЙТЫНЫҢ ҮШТІК ОДАҚ ҮШІН МАҢЫЗЫ

Авторлар

  • Аяджан Майя Темірханқызы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ https://orcid.org/0009-0005-7795-6283
  • Альменбетова Карлыгаш Жапсарбаевна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ https://orcid.org/0009-0008-4757-8818
  • Тоқтасынова Балжан І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ https://orcid.org/0009-0003-6172-4184

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.003

Түйінді сөздер:

нейрогимнастика, когнитивтік даму, үштік одақ

Аннотация

Бұл мақалада "NEUROGYM" – нейрогимнастикалық сайтының үштік одақ үшін маңызы туралы айтылған. Зерттеу жұмысының мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің когнитивтік қабілеттерін дамытуға бағытталған "NEUROGYM" – нейрогимнастикалық сайтын әзірлеу және оның үштік одақ (ата-ана, оқушы, мұғалім) жүйесі үшін тиімділігін бағалау. Жобаның негізгі идеясы – цифрлық технология мен нейропсихологиялық әдістерді біріктіру арқылы оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттырып, зейін, жады, логикалық ойлау және моторика секілді танымдық қабілеттерін жетілдіру. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы – нейрогимнастиканың сандық форматта жүзеге асырылуы және оны білім беру жүйесіне интеграциялау тәсілдерінің ұсынылуы. Практикалық маңыздылығы – сайттың қолдануға ыңғайлы интерфейсі мен түрлі жаттығулар арқылы кез келген пайдаланушы топтары үшін қолжетімділігінде. Зерттеу әдістемесіне сайтты пилоттық түрде сынау, сауалнама жүргізу, педагогтер мен ата-аналармен сұхбат алу және нәтижелерді салыстырмалы талдау әдістері енгізілді. Зерттеудің негізгі нәтижелері: қатысушылардың көпшілігі сайттың когнитивтік даму мен ынтаны арттыруда оң әсерін байқағанын көрсетті. Оқушылардың зейіні мен есте сақтау қабілеті жақсарғаны анықталды. Жүргізілген зерттеу "NEUROGYM" сайтының білім беру процесінде қолжетімді әрі тиімді құрал бола алатынын дәлелдеді. Бұл ресурс оқушылардың танымдық дамуымен қатар, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2025