ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.118.1.022Түйінді сөздер:
искусственный интеллект, чат-бот, чат GPT, персонализированное обучение, обучение иностранным языкамАннотация
Мақалада жоғары оқу орындарында шет тілдерін оқыту үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланудың өзекті мәселесі қарастырылады. Білім берудің цифрлық трансформациясы жасанды интеллектті оқу үдерісін жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі ретінде айқындайды. Мақалада тілдік мамандықтарды оқытудағы жасанды интеллекттің негізгі артықшылықтары мен педагогикалық әлеуеті талданып, сондай-ақ оны білім беру ортасында қолданудың мүмкін шектеулері мен тәуекелдері қарастырылады. Зерттеуде чат-боттардың оқу контентін студенттердің тілдік дайындық деңгейіне, білім беру қажеттіліктері мен қызығушылықтарына бейімдеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар жасанды интеллекттің жазбаша және лексика-грамматикалық дағдыларды дамытудағы рөлі айқындалады. ChatGPT, Duolingo, Babbel, Mondly және Replika.ai сияқты ағылшын тілін үйренуге арналған ең танымал жасанды интеллект платформаларына жасалған шолу олардың функционалдық және педагогикалық мүмкіндіктерін талдауға мүмкіндік берді. Зерттеудің эмпирикалық бөлігі «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын екінші курс студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне негізделген (Орталық Азиа инновациялық университет, Шымкент қ.). Сауалнама ағылшын тілін меңгеру барысында жасанды интеллект құралдарын қолдану деңгейі мен сипатын анықтауға бағытталды, соның ішінде кәсіби лексика мен грамматиканы меңгеру, жазбаша тапсырмаларды (эссе және іскерлік хаттар) орындау, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту және үй тапсырмаларын орындау үдерістерінде қолданылуы қамтылды. Алынған деректер сандық әдістерді қолдану арқылы өңделіп, пайыздық көрсеткіштер түрінде ұсынылды. Зерттеу нәтижелері негізінде жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында чат-боттар мен басқа да ЖИ-құралдарын шет тілдерін оқытуда көмекші құрал ретінде қолданудың мақсатқа сай екендігі туралы қорытындылар жасалды.
ҚАЗ
РУС
ENG