САНДЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫНДА БИРЖАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.4.012%20

Түйінді сөздер:

сандық әдістер, биржалық операциялар, модель, салым, Excel бағдарламасы, құбылмалылық, Монте-Карло, Блэк-Скоулз

Аннотация

Бұл жұмыста Microsoft Excel ортасында аталған әдістерді қолдана отырып, биржалық операцияларды модельдеу. Негізгі назар – акция бағасының динамикасын талдау, нарықтық үрдістерді болжау, құбылмалылықты бағалау және портфельдерді оңтайландыру үшін алгоритмдер мен құралдарды әзірлеуге бағытталған. Модель деректерді талдаудың дәлдігі мен икемділігін қамтамасыз ету үшін интерполяция, регрессиялық талдау және оңтайландыру мәселесін шешу сияқты бірқатар әдістерді пайдаланады. Excel бағдарламасы қол жетімділік, аналитикалық мүмкіндіктер және визуализация мүмкіндіктерінің көмегімен деректерді жүзеге асыру үшін ыңғайлы платформаны ұсынады. Зерттеудің практикалық инновациясы қор нарығында негізделген шешімдер қабылдау үшін талдаушылар, инвесторлар және зерттеушілер пайдалана алатын құралды құруда жатыр. Жұмыстың нәтижелері математикалық әдістер мен қолда бар құралдарды біріктіру биржалық операцияларды модельдеуді айтарлықтай жеңілдететінін және оның тиімділігін арттыратынын көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты: шешімдердің тиімділігін арттыру үшін сандық әдістерді қолдана отырып, Excel бағдарламасында биржалық операцияларды талдау және болжау моделін жасау. Идеялар мен негізгі бағыттар: нарық құбылмалылығын зерттеп, кірістірілген функциялар мен макростарды пайдаланып Excel бағдарламасында үлгілерді құру. Ғылыми маңыздылығы: қор биржасы қызметінің принциптерін түсінуді тереңдетеді және модельдеуде бірқатар әдістерді практикалық қолдану.

Практикалық маңыздылығы: практика жүзінде талдау процесін жеңілдететін Excel құралымен күрделі математикалық есептеулерді біріктіру және шешу әдістерін құру. Зерттеу жұмысының қорытындылары: сандық әдістерді қолдана отырып, Excel бағдарламасында биржалық операцияларды модельдеуді жеңілдететінін және оның тиімділігін арттыратынын көрсету. Жүргізілген зерттеудің мәні: бинарлық  талдау саласындағы есептерді шешу үшін пайдаланудың қарапайымдылығы мен математикалық дәлдікті біріктіретін есептерді шешуге бағытталған.

Қосымша файлдар

Жарияланды

27.12.2024