ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУГЕ ЖАЛПЫКӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.4.016%20

Түйінді сөздер:

құзыреттілік, үздіксіз, білім беру, ағылшын тілін меңгеру, көпдеңгейлі педагогикалық білім, педагог

Аннотация

Мақалада үздіксіз білім беруде педагогтердің ағылшын тілін меңгеруге жалпыкәсіби
құзыреттілігін дамыту қарастырылады. Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру
жүйесінде педагогтердің ағылшын тілін меңгеруге дайындықтарының психологиялық
педагогикалық ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан анықтай отырып, осы сала мамандарын
даярлауды біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті кәсіби ойындар, интерактивті
әдістермен ұйымдастыру олардың қоғам талабына сай білікті құзіретте дамып, жетілуіне
септігін тигізеді және инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқу процесін блокты
модульдік етіп құру: яғни, оқыту процесінің табыстылығы мен жайлылығын және оқыту
субъектілерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында кәсіби ойындар мен
белсенді оқыту әдістерін қолданудың маңыздылығы ғылыми дәлелденген. Жоғары оқу
орындарындағы білім беру процесі жинақталған білім, білік және дағдыларды берудің
құралы ғана емес, сонымен қатар тұлғаның әлемдегі жаңа көзқарастың қалыптасуына,
ондағы болып жатқан оқиғалардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсінуге,
жаһандық мәселелерді түсіну және оларды шешу үшін жеке жауапкершілігінің дамуына
көмектеседі. Ғылыми зерттеулерге жасалған талдау жұмысы үздіксіз көпсатылы кәсіби
педагогикалық білім беру жүйесінде педагог мамандарды даярлау мәселесінің әлі де болса
терең қарастырылу қажеттілігін көрсетеді Зерттеу мәселесіне байланысты талдау,
сауалнама, тест, сұрақ-жауап, диагностика, педагогикалық эксперимен әдістері
қолданылды. Зерттеу жұмыстары Шымкент қаласындағы Орталық Азия инновациялық
университетінің оқытушыларының қатысуымен жүргізілді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

27.12.2024