ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН АРТТЫРУ ҮШІН БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.3.012Түйінді сөздер:
биология білім беру бағдарламаларында, танымдық қызығушылық, оқыту, көрнекілік құралдарАннотация
Мақалада Қазіргі білім беру жүйесінде, әсіресе жаратылыстану циклі пәндерінің
контекстінде, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін
әдістерді әзірлеуге көбірек көңіл бөлінуде. Биология сабақтары шығармашылық ойлау мен
қабілеттерді дамытуға қолайлы орта болып табылады, өйткені пәннің өзі динамикалық,
қызықты және көп қырлы. Кез-келген ғылыми ақпарат қабылдау арқылы өтеді, содан
кейін идеялар мен ұғымдар деңгейіне ауысады және бұл процестің түпкі нәтижесі білімді
игеру болып табылады. Биология сабақтарында оқу материалын игеру тәсіліне әсер
ететін маңызды факторлардың бірі - көрнекілік. Орта мектепте биология сабақтарына
арналған көптеген көрнекі материалдар бар. Мысалы, гербарий материалы, өсімдіктер
мен жануарлар коллекциясы, дымқыл және құрғақ препараттар, омыртқалы
жануарлардың сүйектері мен қаңқалары, олардың жеке бөліктері, кестелері, модельдері.