Қазіргі көлік өндірісін ұйымдастырудағы менеджменттің ролі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.110.1.010Аннотация
Мақалада экономиканың әртүрлі деңгейлеріндегі көлікті басқару тұжырымдамасы қарастырылады, басқарудың негізгі компоненттері, басқару принциптері және басқару әдістемесі сипатталған. Көлік әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік процестерде маңызды рөл атқарады. Көлікті дербес сала ретінде, ал көлікті дамыту жобаларын дербес бизнес – жобалар ретінде қарастыруға болатынына қарамастан, көліктің әсер ету спектрі әлі толық зерттелмеген. Көліктің әсер ету салаларын сапалы қарау оның қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың барлық маңызды аспектілеріне әсерін көрсетеді. Елдің көлік кешенін басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қаралды. Тәжірибе көрсеткендей, классикалық тәсілдерді қолдану қазіргі заманғы көлік өндірісін ұйымдастырудағы менеджменттің тиімділігін сенімді бағалауға мүмкіндік бермейді. Бағалау тәсілдерін таңдау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық моделіне тікелей байланысты. Атап айтқанда, Қазақстанға бастапқыда қоғамдық игілікті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бағдарланған модель тән. Сондай-ақ, ұлттық экономиканың қазіргі даму жағдайында көлік кешенін басқаруға байланысты әртүрлі әдістердің сипаттамалары келтірілген. Зерттеудің мақсаты: көлік өндірісін дамытудағы менеджменттің рөлін және тұтастай алғанда елдің бүкіл көлік құрылымының маңыздылығын анықтау. Зерттеу әдістері - жалпы ғылыми әдістер қолданылды – (талдау, синтез), сонымен қатар ұйымдастырушылық әдістер (салыстырмалы әдіс).