ҚАЗІРГІ САЯСИ ФИЛОСОФИЯ

Авторлар

  • Зарина Есбулатова Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Халықаралық Медицина мектебі, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0005-6584-0427

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.110.1.008

Түйінді сөздер:

political processes, liberalism, morality, ethics, institutions of power, international political arena, world politics, world order, justice.

Аннотация

Бұл мақала қазіргі саяси философияның негізгі идеялары мен тұжырымдамаларына арналған. Саяси философия практикалық философия мен саяси ғылымдардың бөлігі болып табылады. Қазіргі саяси философияның мақсаты-саяси идеяларды, саяси құндылықтарды, саяси шындықтар мен сын-қатерлердің мәнін, сондай-ақ саяси талдаудың интеллектуалды компоненттерін зерттеу. Осы мақаланың практикалық және ғылыми маңыздылығы қазіргі саяси аренадағы саяси процестерді егжей-тегжейлі талдауда жатыр. Сонымен қатар, қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен әлемдік тәртіп мәселелерін зерттеу үшін саяси философия қажет. Қазіргі саяси философияны талдаудағы ғылыми әдістеме сапалы ивент-талдау жүргізуден тұрады, сонымен қатар қазіргі заманның негізгі саяси бағыттарын түсінуге көмектесетін тарихи-салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, қазіргі саяси философия мәселелеріне әлеуметтанулық аспектіде туындайтын мәселелер жатады. Философия мен саясаттанудағы әртүрлі ұғымдарды, мораль, этика мәселелерін, сондай-ақ либерализмді және оның негізгі компоненттерін салыстыра отырып, билік институттарының әртүрлі деңгейлеріндегі әлеуметтік және саяси мәселелеріне қатысты негізгі сұрақтарға жауап береді. Қазіргі саяси философия мәселелері әрдайым әлемдік саясат, билік және мораль институттары мен этика тұрғысынан қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

21.10.2024

Шығарылым

Бөлім

Социально-гуманитарное направление