ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Авторлар

  • Баженова Эльмира Даулетхановна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0001-9330-4975
  • Куракбаева Асыл Жексембаевна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0009-0005-0187-8442
  • Заманбеков Марлан Майданович І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0001-7049-4390
  • Сарсенбаев Берик Бектурсынович І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0009-0006-1557-0382

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.011

Түйінді сөздер:

оқушылар, дене тәрбиесі, қазақ ұлттық ойындары, педагогикалық маңызы, дене шынықтыру сабағы, халық педагогикасы, педагогикалық шарттар, сюжеттік рөлдік ойындар

Аннотация

Бұл ғылыми мақалада қазақтың ұлттық ойындары мен дене тәрбиесі негіздерінің теориясын дамытушылық және тұлғалық бағдарланған оқытудың педагогикалық теорияларымен интеграциялау негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің экспериментін модельдеу және сынақтан өткізуі қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты – қазақтың ұлттық ойындары негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін дамыту қажеттілігін әдіснамалық, психологиялық, әлеуметтанулық, жалпы педагогикалық және көркемдік-педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық тұрғыдан қарастыру. Зерттеудің негізгі идеясы – білім берудің барлық сатыларындағы оқушылардың этнопедагогикалық талғамдарын қалыптастыру және дамыту, қоғам өмірін жандандыратын оқушылардың қызығушылығының эстетикалық қажеттілігін жасау; қазақ ұлттық ойындарының негізінде дене шынықтыру жүйесін дамыту саласындағы отандық этнопедагогикалық білім беру дәстүрлерін сақтау және оларды жаңа ұрпаққа беру; қазақ ұлттық ойындарының шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ететін зияткерлік даму факторы ретінде пайдалану; зерттеу барысын жан-жақты талдау; зерттеудің белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес эксперименттің айқындаушы, қалыптастырушы және басқа түрлерін ұйымдастыру; қазақ ұлттық ойындары негізінде оқушылардың дене тәрбиесі бойынша нәтижелі педагогикалық қызметпен қамтамасыз ету. Зерттеудің ғылыми маңызы тәрбие мен оқытудың дидактикалық қағидаттарын нақтылауда, оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің қазақ ұлттық ойындарына бағытталуын іріктеу қағидаттарын тұжырымдау. Практикалық маңызы зерттеу нәтижелерін білім беру ұйымдарында педагогтер және әлеуметтік педагогтер пайдалана алуымен айқындалады. Қазақ ұлттық ойындары бойынша оқушылардың дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеу жүйесін дамыту және оқушылардың денсаулығы мен өміріне дұрыс көзқарасын дамыту мәселесін шешуге ықпал ету үшін дене тәрбиесінің негізгі сабақтарын үйлестірудің қазақ ұлттық ойындарына бағытталған оқушылардың өмір салтын қалыптастырудың дамытушылық, оқыту және сауықтыру бағытындағы ұтымды жолдары әзірленді. Жүргізілген зерттеудің мәні – оқушылар дене тәрбиесі процесінде қазақтың ұлттық ойындары негізінде түрлендірілген іс-әрекеттерде іске асырылатын білімді, дағдыларды игеруінде.

Нәтижесінде – қазақ ұлттық ойындары негізінде педагогикалық тұрғыда оқушылар салауатты өмір салтын ұстанды; дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың жеке денсаулығын сақтауға және тәрбие – білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылатын салауатты өмір салтына бағдарлануы қалыптасты.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Баженова Эльмира Даулетхановна, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

PhD, профессор, Жетысуский  университет имени И. Жансугурова (Казахстан, г. Талдықорған, e-mail: Bazhenova@inbox.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9330-4975).

Куракбаева Асыл Жексембаевна, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Кандидат педагогических наук, Жетысуский  университет имени И. Жансугурова (Казахстан, г. Талдықорған, e-mail: A.kurakbaeva@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0005-0187-8442).

Заманбеков Марлан Майданович, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Master, Zhetysu University named after I. Zhansugurov (Kazakhstan, Taldykorgan, e-mail: Zmarlan@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-7049-4390).

Сарсенбаев Берик Бектурсынович, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Магистр, Жетысуский  университет имени И. Жансугурова (Казахстан, г. Талдықорған, e-mail: sarsenbaev_b1968@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0006-1557-0382).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 95

Жарияланды

30.06.2026