ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА КРОСС-МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.120.3.010Түйінді сөздер:
кросс-мәдени коммуникация, мәдениетаралық бейімделу, шетелдік студенттердің бейімделуі, ғаламдану, толеранттылық, көпмәдени білім беру ортасыАннотация
Мақалада кросс – мәдени коммуникация мәселесі мен шетелдік студенттердің жаһандану жағдайындағы бейімделу ерекшеліктері қарастырылады. Жаһандану үдерісі әртүрлі мәдениеттер арасындағы әрекеттестікті күшейткенмен, сонымен бірге жаңа кедергілерді – тілдік, психологиялық, құндылық айырмашылықтарды да туындатты. Шетелдік студенттер жиі бейімделу қиындықтарына, күйзеліс пен мәдени нормаларды түсінбеуге, қарым – қатынас стиліндегі айырмашылықтарға тап болды.
Біртұтас мәдени типологияның және педагогикалық технологиялардың жеткіліксіздігі тиімді мәдениетаралық қарым- қатынасты орнатуға және академиялық ортаға енуге кедергі келтіреді. Мақалада қазіргі заманғы жағдайларда мәдениетаралық өзара әрекеттесу мәселелері ашылып, шетелдік студенттердің табысты бейімделуіне әсер ететін факторлар мен қолданылатын тәсілдер мен стратегиялар талданды.
2003–2025 жылдар аралығындағы 20-тан астам шетелдік зерттеулерге жүйелі, психологиялық, салыстырмалы – тарихи және контент – талдау әдістері қолданып, шетелдік студенттердің табысты мәдениетаралық бейімделуінің негізгі факторлары айқындалды. Студенттердің жиі кездесетін бейімделу қиындықтары – стресс, мәдени нормаларды түсінбеу, мәдениет пен қарым – қатынас стильдерінің айырмашылығы. Біртұтас мәдени типологияның педагогикалық және психологиялық қолдаудың жеткіліксіздігі тиімді мәдениетаралық өзара әрекеттесу және академиялық ортаға кірігу процесін қиындатады.
Сонымен қатар, бейімделу стратегиялары мен мәдениетаралық қысымды төмендету жолдары қарастырылған. Алынған нәтижелер көпмәдени және академиялық ортада мәдениетаралық құзыреттілікті дамытудағы эмпатияның, эмоционалды интеллект және толеранттылықтың маңыздылығын көрсетеді.