LESSON STUDY ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.120.3.001Түйінді сөздер:
Lesson Study, оқу мазмұнын жаңарту, құзыреттілік, технология, инновация, ынтымақтастық, рефлексияАннотация
Зерттеуде Lesson Study тәсілінің мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және география пәні бойынша оқушылардың оқу нәтижелерін жақсарту құралы ретіндегі тиімділігі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мұғалімдердің кәсіби дамуын ынтымақтастыққа, рефлексияға және дәлелді педагогикалық шешімдерге негіздеп ұйымдастыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Lesson Study тәсілінің мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне және оқушылардың функционалдық сауаттылығына әсерін бағалау. Зерттеу 2019–2022 оқу жылдары Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласындағы №2 мектеп-гимназиясында және №9 орта мектепте жүргізілді. Зерттеуге 8-сыныптың 29 оқушысы қатысты, оның ішінде 15 ұл және 14 қыз болды. Зерттеу әдістері ретінде педагогикалық эксперимент, сабақ барысындағы бақылау, сауалнама, қалыптастырушы және жиынтық бағалау, салыстырмалы талдау және мұғалімдердің рефлексиясы қолданылды. Оқушылар оқу үлгерімі мен мотивациясына қарай жоғары, орта және төмен деңгейлерге бөлінді. Зерттеу нәтижелері оқу жетістіктерінде оң динамика болғанын көрсетті. А деңгейіндегі оқушылардың білім сапасы 86%-дан 90%-ға, В деңгейінде 70%-дан 81%-ға, С деңгейінде 63%-дан 70%-ға артты. Сонымен қатар, оқушылар құрастырған жоғары деңгейлі сұрақтар саны көбейді. Нәтижелер Lesson Study мұғалімдердің бірлесіп жоспарлау, рефлексия жасау, оқушылардың оқу қиындықтарын анықтау және сараланған тапсырмаларды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал еткенін көрсетті.