-
89
-
77
-
71
-
69
-
57
Плагиат
Редакция алқасына түскен барлық қолжазбалар мәтіннің түпнұсқалығын анықтау үшін StrikePlagiarism жүйесінде тексеріледі. Қолжазбаның өзіндік дәрежесі кемінде 75% болуы керек. Редакциялық алқа түпнұсқалық деңгейі төмен қолжазбаларды қабылдамауға құқылы.
Ғылыми мақаланы жазу барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың рұқсат етілген шекті үлесі 25%-дан аспауға тиіс. ЖИ қолдану деңгейі 25–40% аралығында болған жағдайда мақала авторға қайта өңдеуге жіберіледі. Ал ЖИ үлесі 40%-дан жоғары болса, мақала қарастырылмайды және қабылданбайды.
ЖИ құралдарын келесі жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі: деректерді өңдеу және талдау; ғылыми ақпаратты іздеу, іріктеу және жүйелеу; ғылыми мазмұнның мағынасын өзгертпей мәтінді редакциялау; кестелер, диаграммалар және өзге де визуалдық материалдар дайындау; мақаланы техникалық форматтау.
ЖИ құралдарын келесі мақсаттарда қолдануға тыйым салынады: негізгі ғылыми идеяны, гипотезаны және қорытындыларды жазу; авторлық талдау мен зерттеу нәтижелерін алмастыру; мақаланың бөлімдеріндегі мәтіндерді автоматты түрде генерациялау.
ҚАЗ
РУС
ENG