ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН МЕҢГЕРТУДЕГІ

Авторлар

  • Қудайберген Сымбат Абайқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. https://orcid.org/0009-0008-0606-0078
  • Конысбекова Макпал Рымкуловна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0003-0091-0576
  • Нурметова Дилдора Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. https://orcid.org/0009-0009-8002-8727

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.014

Түйінді сөздер:

жасанды интеллект құралдары, қазақ тілі, синтаксис, коммуникативті дағды, цифрлық құзыреттілік

Аннотация

Бұл зерттеу қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект платформаларын қолданудың тиімділігін айқындауға арналады. Зерттеуде жасанды интеллект түсінігіне, оның білім берудегі маңызына және қолданыстағы платформалардың мүмкіндіктеріне теориялық сипаттама берілді. Мақсаты – жоғары сынып оқушыларына синтаксис бөлімін меңгертуде жасанды интеллект ресурстарын ұтымды пайдалану жолдарын анықтау және мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін бағалау. Сауалнама нәтижелері педагогтердің жасанды интеллектті сабақта қолдануға қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Диагностикалық деректер негізінде синтаксисті оқытуда қолайлы платформаларға талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект мұғалімге оқу материалдарын тез әзірлеуге, сабақ құрылымын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Сондай-ақ ол оқушылардың синтаксистік талдау дағдыларын дамытуға, функционалдық сауаттылығын арттыруға және дербес оқуына жағдай жасайды. Қорытындылай келе, жасанды интеллектті жүйелі қолдану қазақ тілі сабақтарының сапасын арттырып, оқыту үдерісін жаңғыртуға ықпал етеді. Сонымен қатар зерттеу барысында мұғалімдерлің кәсіби дамуын қолдайтын әдістемелік материалдарды әзірлеудің, жасанды интеллектті сабақ жоспарлау, бағалау, кері байланыс ұйымдастыру кезеңдерінде бірізді қолданудың маңызы ерекше екені анықталып, практикалық ұсыныстар жасалды. Бұл ұсыныстар педагогтердің цифрлық мәдениетін арттыруға және оқу сапасын көтеруге бағытталды және оқу үдерісін тиімділеді айқындай түсті.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 47

Жарияланды

30.12.2025