ФУТУРОДИЗАЙН ПРАКТИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЖОБАЛЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.007Түйінді сөздер:
жобалық-шығармашылық құзыреттер, футуродизайн, педагогикалық білім, болжамдау, креативтілік, цифрлық технологияларАннотация
Бұл мақалада цифрландыру жағдайында педагогикалық мамандықтар студенттерінің
жобалық–шығармашылық құзыреттерін қалыптастыру әдістемесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жобалауға даярлау қажеттілігімен айқындалады. Отандық және шетелдік еңбектерді теориялық талдау (Зимняя,
2006; Хуторской, 2010; Robinson, 2011; Inayatullah, 2015) футуродизайн мен сценарийлік модельдеу әдістерінің
болжамдау, креативтілік және метатанымдық рефлексияны дамытуға ықпал ететінін көрсетті.
Зерттеудің эмпирикалық бөлігі Ақдениз университетінің өнер факультетінің көркем–педагогикалық
бағыттағы студенттері (n = 84) арасында жүргізілді. Зерттеу құралдары ретінде ұжымдық жобалау, білім беру
болашағын инфографика, коллаж, цифрлық симуляциялар және 3D модельдеу арқылы визуализациялау қолданылды.
Зерттеу констатациялық және қалыптастырушы кезеңдерді қамтыды, ал диагностикалық критерийлерге
болжамдық құзыреттілік, шығармашылық бастама және дербестік енгізілді.
Статистикалық талдау (Стьюденттің t–тесті, Кендалл W коэффициенті) студенттердің
жобалық–шығармашылық құзыреттерінің, әсіресе болжамдау, түпнұсқалық және рефлексия
көрсеткіштерінің
айтарлықтай артқанын растады. Жұмыстың жаңалығы футуродизайн
тұжырымдамасын Қазақстандағы көркем–педагогикалық білім беру жағдайына бейімдеуде. Зерттеудің
практикалық маңызы әзірленген әдістемені ЖОО–лардың білім беру бағдарламаларына енгізу мүмкіндігінде,
бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын арттыруға және тез өзгеретін білім беру ортасында жұмыс
істеуге дайындығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
ҚАЗ
РУС
ENG