ЖОО-ДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА ЕТІС ФОРМАЛАРЫН КОММУНИКАТИВТІК ТӘСІЛМЕН МЕҢГЕРТУ

Авторлар

  • Абишева Нурзия Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-1627-6832
  • Капасова Дарига Армановна Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-7552-4728
  • Бураханова Ақмарал Сеилханқызы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0007-6169-6653

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.120.3.008

Түйінді сөздер:

коммуникативтік әдіс, етіс формалары, грамматиканы оқыту, жоғары оқу орны, коммуникативтік құзыреттілік, қазақ тілін оқыту, қазақ тілі екінші тіл ретінде.

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орны жағдайында етіс формаларын оқыту үдерісінде коммуникативтік әдісті қолдану мәселесі қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі көптілді білім беру кеңістігінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру қажеттілігімен, сондай-ақ грамматикаға басымдық беретін дәстүрлі оқыту тәсілдерінің шектеулерін еңсеру қажеттігімен айқындалады. Зерттеу барысында жоғары оқу орнының студенттерінен құралған бақылау және эксперименттік топтармен педагогикалық эксперимент жүргізілді. Эксперименттік топқа қазақ тіліндегі етіс категориясының әртүрлі формалары (мысалы, өздік, ортақ, ырықсыз, өзгелік етіс) бойынша білім беру коммуникативтік тапсырмалар мен интерактивті әрекеттер арқылы ұйымдастырылды, ал бақылау тобы осы материалды дәстүрлі дәрістер мен жаттығулар арқылы меңгерді. Нәтижелерді салыстырмалы талдау коммуникативтік әдістеменің етіс формаларын меңгеру және оларды тәжірибеде қолдану деңгейін едәуір арттыратынын растады. Эксперименттік топ студенттері түрлі етіс формаларын мәтінде дұрыс және еркін қолдану қабілетін көрсетіп, бақылау тобымен салыстырғанда анағұрлым жоғары уәждеме мен белсенділік танытты. Осылайша, жоғары білім беру деңгейінде грамматиканы оқытуға коммуникативтік тәсілдерді кіріктіру студенттердің тілдік дәлдігі мен қатысымдық сөйлеу шеберлігін қатар дамытуда тиімді екендігі туралы қорытынды жасалды. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы жоғары. Мәселен, ұсынылған тәсілді оқу бағдарламаларын әзірлеуде, оқытушылардың біліктілігін арттыруда және қазақ тілін оқытудың қатысымдық-бағдарланған стратегияларын кеңейтуде қолдануға болады. Сонымен қатар, мақала грамматиканы оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған кейінгі зерттеулерге негіз болады. Атап айтқанда, қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде үйретуде осы коммуникативтік тәсілдің рөлі ерекше.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Абишева Нурзия, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: anurziya990@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1627-6832).

Капасова Дарига Армановна, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: assyl99_kz@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7552-4728).

Бураханова Ақмарал Сеилханқызы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Магистр, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: a.burahanova@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0007-6169-6653).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 6

Жарияланды

30.09.2026