ФИЗИКА ПӘНІНДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН ИНЖЕНЕРЛІК ОЙЛАУЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Андасбаев Ерлан Сулейменович І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0002-2766-593X
  • Түсүпбаева Мөлдір Бақытбекқызы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0009-0006-6499-6689

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.120.3.018

Түйінді сөздер:

«Физика» пәні, цифрлық зертханалық жұмыстар, инженерлік ойлау, оқу белсенділігі, Multisim бағдарламасы

Аннотация

Мақалада физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды цифрландырудың техникалық колледж білім алушыларының оқу белсенділігі мен инженерлік ойлауын дамытуға ықпалы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «Электр және магнетизм» бөлімі бойынша зертханалық жұмыстарды орындау барысында NI Multisim бағдарламасын қолданудың педагогикалық тиімділігін дәстүрлі зертханалық оқыту форматымен салыстыра отырып бағалау. Зерттеу бақылау және эксперименттік топтары бар квазиэксперимент түрінде ұйымдастырылды. Зерттеуге Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің 40 білім алушысы қатысты: олардың 20-сы зертханалық жұмыстарды дәстүрлі зертханалық жабдықтарды пайдалану арқылы, ал қалған 20-сы NI Multisim виртуалды ортасында орындады. Диагностика зертханалық сабақтар топтамасының алдында және кейін екі критерий бойынша жүргізілді: оқу белсенділігі және инженерлік ойлау. Оқу белсенділігі экспериментке қатысу, жұмысты жоспарлау, жабдықпен жұмыс істеу, деректерді жинау, нәтижелерді талдау және топтық талқылау көрсеткіштері бойынша бағаланды. Инженерлік ойлау проблеманы анықтау, жүйелік ойлау, модельдеу және жобалау, аналитикалық ойлау, шешім қабылдау және теориялық білімді қолдану критерийлері арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері екі топта да оң өзгерістердің байқалғанын көрсетті, алайда эксперименттік топтағы өсім анағұрлым жоғары болды: оқу белсенділігінің орташа өсімі бақылау тобындағы 5,8 пайыздық тармақпен салыстырғанда 27,5 пайыздық тармақты, ал инженерлік ойлаудың орташа өсімі тиісінше 5,2 және 21,3 пайыздық тармақты құрады. Алынған нәтижелер физика пәнінің зертханалық жұмыстарында NI Multisim бағдарламасын қолдану электр тізбектерін модельдеу, техникалық есептерді талдау және физика заңдарын инженерлік бағыттағы жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастыруда дәстүрлі зертханалық жұмыстарды тиімді толықтыратын құрал екенін көрсетеді.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Андасбаев Ерлан Сулейменович, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Техника ғылымдарының докторы қауымдастырылған профессор (доцент), І. Жансүгіров атындағы  Жетісу университеті, (Қазақстан, Талдықорған қ., е-mail: erl872@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2766-593X).

Түсүпбаева Мөлдір Бақытбекқызы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Докторант, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Қазақстан, Талдықорған қ., е-mail: moti_t.b@mail.ru,ORCID: https://orcid.org/0009-0006-6499-6689).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 23

Жарияланды

30.09.2026