КОЛЛЕДЖДЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.120.3.005Түйінді сөздер:
қолданбалы бакалавр, колледж, педагогикалық білім беру, бастауыш білім беру, кәсіби даярлық, микросабақ өткізу, даярлау моделіАннотация
Мақалада колледж жағдайында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша қолданбалы бакалаврларды даярлауды жетілдіру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі педагогикалық білім берудің практикалық-бағдарлы сипатын күшейту, студенттердің кәсіби дайындығын дамыту және теориялық оқытуды болашақ кәсіби қызметпен неғұрлым тығыз байланыстыратын даярлау модельдерін іздестіру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты колледж жағдайында бастауыш білім беру бойынша қолданбалы бакалаврларды даярлау моделін әзірлеу және оның тиімділігін тексеру болды.
Зерттеу квазиэксперименттік түрде ұйымдастырылып, 2025–2026 оқу жылының бірінші семестрінде Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі базасында жүргізілді. Зерттеуге «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3-курс студенттері, барлығы 122 студент қатысты. Эксперименттік топты 65 студент, бақылау тобын
57 студент құрады. Негізгі әдістер ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, педагогикалық модельдеу, сауалнама жүргізу, тестілеу, сипаттамалық статистика әдістері, Манн-Уитни критерийі, Уилкоксон критерийі және Пирсонның χ² критерийі қолданылды.
Қалыптастырушы кезеңнің мазмұны микросабақ өткізу әдісін қолдана отырып, бағдарламаның элективті компоненті аясында жүзеге асырылған авторлық даярлау моделіне негізделді. Тиімділікті бағалау кәсіби дайындықтың мотивациялық, когнитивтік, практикалық және рефлексивтік компоненттері бойынша жүргізілді. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топта бақылау тобымен салыстырғанда айқынырақ оң динамика тіркелгенін көрсетті. Ең елеулі өзгерістер когнитивтік және практикалық компоненттер бойынша, сондай-ақ студенттердің кәсіби дайындық деңгейлері бойынша бөлінуінде анықталды. Ұсынылған модельдің нәтижелілігі және оны колледж жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды
жетілдіру үшін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды жасалды.