ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫН ОҚЫТУДЫҢ ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕГІ ҚҰРЫЛЫМЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.001Түйінді сөздер:
қазақ тілі лингвистикасы, сөзжасам, оқыту теориялары, заманауи тәсілдер, қағидаттар, когнитивті үлгі, оқытуға дайындықАннотация
Мақалада қазақ тілінде білім алушылардың меңгеруі тиіс лингвистикалық және когнитивтік білім аспектілерін талдауға талпыныс жасалды. Мақалада қазақ тілінің лингвистикалық аспектілерін (әсіресе сөзжасамды) оқытудың когнитивтік моделі нақты қағидаттар, заманауи тәсілдер мен оқыту теорияларының негізінде көрсетіледі. Игерілген когнитивтік моделдің негізінде жоғары оқу орындарында қазақ тілі лингвисикасын оқытуға деген бастапқы дайындықты анықтау мақсатында бақылау мен сұрақ-жауап әдістері қолданылады. Зерттеу барысында жоғары оқу орнының педагогикалық үдерісіндегі қазақ тілі лингвистикасын оқытуға дайындықты қалыптастырудағы әлеуетінің зор екендігі талданады. Зерттеу материалындағы сөзжасамдық категориялардың танымдық моделін жоғары оқу орындарында оқыту арқылы жалпы әдеби тілдің ерекше қызметі ғылыми тілдің когнитивтік табиғатын көрсету болса, екіншісі белгілі бір этнографиялық ұғым-түсініктердің атауы мен мазмұнын түсіндіруге бағытталса, үшіншіден сөзжасамдық процесс жаңа аталымдардың пайда болуы мен олардың дефинициясын көрсетуге негізделеді. Сөзжасамдық үдеріс кезіндегі сөздердің мазмұны ғылым мазмұнымен тікелей сабақтастығы қарастырылып, ғылым мазмұны оның формасын тудыра отырып оны өзіне тәуелділігі қарастырылады. Осы арқылы зерттеу жұмысында сөзжасамның негізгі шарты тілдің даму салаларын ғылым мен технологиядан туындайтын жаңа когнитивтік модел мәселелерін оқытудың тиімділігі көрсетіледі.
ҚАЗ
РУС
ENG