ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖАРИЯ БИЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДАНДЫРУДА АЛАШ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.110.1.028%20Түйінді сөздер:
мемлекет және құқық тарихы, саяси-құқықтық әдіс, мемлекеттік билік, тарихи-құқықтық әдіс, АлашАннотация
Мақаланың мақсаты – Алаш идеяларын қолдану негізінде Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасу және мемлекеттік билікті институттандыру шарттарын талдау. Ел басшылығының мемлекеттіліктің жаңа концепциясын тұжырымдауға
талпыныс жасап жатқан өтпелі кезеңдегі қазіргі тарихи жағдайы саяси-құқықтық процестердің ғылыми негізделген бағдарлар жүйесіне деген сұранысты айқындап отыр. Жаңа Қазақстанның қуатты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет ретінде дамуы, осы стратегиялық бағытты жүзеге асыруға ықпал ететін бірқатар саяси-құқықтық бастамаларды жүзеге асыруды көздейді. Бұл бастамалар мемлекеттік билік институттарын нығайтуға, тарихи ретроспективада және қазіргі кезеңде Қазақстандағы мемлекеттік биліктің сабақтастығын дамытуға бағытталуы тиіс.
Саяси модернизацияның мақсаттары мемлекетті одан әрі құрудың саяси-құқықтық мүмкіндіктерін терең және байыпты ғылыми талдауды талап етеді, осындай бағыттардың бірі Алаш идеяларын жүзеге асыру болуы мүмкін.