САЯСИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ АУДАРМАШЫНЫҢ МӘТІНМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.110.1.018Түйінді сөздер:
аударма стратегиясы; аударма құзіреттілігі; өзара әрекет; түпнұсқа мәтін; көзделген аудитория; коммуникативтік мәнмәтін; саяси коммуникацияАннотация
Мақала ілеспе аудармашының баяндамашының концептуалды әлемін қамтитын мәтін үзінділерімен өзара әрекеттесу қызметінің күрделілігі мәселесі мен аударма принциптерінің стратегиялық құрамдас бөліктерін тиімді қолдану процестеріне арналған. Осындай өзара әрекеттесуді ілеспе аударма процесінде жете түсіну өте маңызды, себебі ол саяси ортадағы коммуникацияның тиімділігіне тікелей әсер етеді. Берілген мақаланың мақсаты – аудиторияның аударма мәтінін дұрыс түсінуіндегі ілеспе аудармашының бар назары негізгі мәтінге бағытталған өзара әрекеттестіктігіндегі ілеспе аударманың көп қырлы процестерін нақтылау. Бұл процедура кезінде ең алдымен аударма процесінде қолданылатын тактика мен стратегиялар маңызды болып табылады. Мұнда коммуникативтік мәнмәтін, мәтін фрагменттерін түсіну, бейімдеу, мәтіндік мағынаны сол аудиторияның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, аударма тілінде сауатты және жылдам жеткізу сияқты әр түрлі факторлар да маңызды рөл атқарады. Осы тұста аудармашы аударманың еуропалық ғылыми саласында жүзеге асырылатын идея мен жоба – PACTE (Process in the Acquisition of Translation Competence and Evaluation) бағдарламасын басшылыққа алып, аударма құзіреттілігі принциптерінің ерекшеліктерін меңгеруі қажет. Осыған байланысты жұмыста Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың сөйлеген сөзіне негізделген стратегияларға жан-жақты талдау берілген. Саяси коммуникация саласындағы мәтіндік материалдар және оларға негізделген әдістерді қолдану аударма қызметінің қыр-сырын терең түсінуді көрсетеді. Сонымен қатар, іліеспе аудармашының саяси материалдармен әрекеттесуін зерттеу экспликативті әдістің күрделі және динамикалық жүйесінің аспектілерін одан әрі зерттеу де құнды болып табылады. Зерттеу нәтижелері мәнмәтін мен оның ерекшеліктерін көзделген аудиторияға бағыттай отырып, саяси мәтіндерді аудару және олардың мазмұнын жаңғырту процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін де пайдалануға болады.