Журнал туралы

  • «ЖУ Хабаршы» журналы (бұдан әрі – Журнал) қазақстандық және шетелдік ғылыми қоғамды педагогика ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің жаңа ғылыми нәтижелерімен таныстыруға арналған «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ құрылтайшысы болып табылатын мерзімді ғылыми басылым (1997 жылдан бастап басылып шығады) болып табылады.

  • Журнал басылымына жалпы басшылықты редакциялық алқа жүзеге асырады. Оған: бас редактор, бас редактордың орынбасары, редакциялық алқа мүшелері, редакциялық алқаның жауапты хатшысы кіреді. Бас редактор Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен бекітіледі және атқаратын қызметінен босатылады. Бас редактордың орынбасарлары мен редакциялық алқа мүшелері ғылым кандидаттары мен докторлары, PhD докторлары қатарынан бекітіледі және журналдың бас редакторының ұсынуы бойынша Басқарма Төрағасы – Ректордың шешімімен атқаратын қызметінен босатылады.

  • «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы туралы ереже
  • Мерзімді баспа басылымын, ақпарат агенттігін және интернет-басылымды тіркеу туралы куәлік
  • Журналдың мақсаты - «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баспа қызметін жүзеге асыру, ғылыми, әдістемелік, дүниетанымдық ойдың жаңа жетістіктерін көрсету болып табылады.

  • Журналдың міндеттері: мақалаларға рецензия жасау арқылы ғылымның әртүрлі салаларындағы ғалымдар мен мамандар жүргізген өзекті ғылыми зерттеулердің сапалы және сенімді нәтижелерін жариялау; ғылыми қоғамда, сондай-ақ жас және бастаушы ғалымдарда тұрақты қызығушылықты қалыптастыру; Қазақстанның және шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарының ғылыми қоғамдастығымен белсенді өзара қарым-қатынас жасау;) ғылыми қоғамдастықты дамыту үшін ғалымдар мен мамандар арасында ғылыми диалог пен білім алмасуға жәрдемдесу; зерттеушілердің болашақ ұрпақтары үшін сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ғылыми деректерді мұрағаттау және сақтау.

  • Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғылыми кеңесі бекіткен педагогикалық бағытта «ЖУ Хабаршысы» ғылыми журналы шығады.
  • Журналдың шығу жиілігі – жылына 4 рет келесі белгіленген мерзімдерде шығарылады: №1 – 30-наурызға дейін;  №2 – 30-маусымға дейін;  №3 – 30-қазанға дейін; №4 – 30-желтоқсанға дейін.

  • Журнал ISSN Халықаралық орталығында (Париж, Франция) ISSN 1813-1123 нөмірімен тіркелген.

  • Қолжазбаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беруге болады.
  • «ЖУ Хабаршысы» журналының алғашқы шығарылымдарынан бастап қағаз және электронды даналары Ғали Орманов атындағы кітапханада сақталады. Университет АҚ «ҰМҒТСО»-на «ЖУ Хабаршысы» ғылыми журналының қағаз және электронды нұсқаларын электронды кітапхана мен Қазақстандық дәйексөз базасына енгізу үшін жібереді.

  • Журналдың http://journal.zhetysu.edu.kz  ресми сайты бар.