МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭТНОПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКIНДIКТЕРI
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.110.1.003Түйінді сөздер:
Кілт сөздер: этнопедагогика құралдары, математика, оқыту, бастауыш сыныптар, дидактикалық мүмкіндіктерАннотация
Қоғамның қазiргi даму кезеңiнде болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтiк және т.б. өзгерiстерден, жас ұрпаққа тәлiм-тәрбие беру iсiн жаңа сатыға көтеру қажеттiгi туындап, бастауыш сыныптарда бiлiм беруде этнопедагогика құралдарын мүмкiндiгiнше пайдалану, оның әдiс-тәсiлдерiн қарастыру өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Осы тұрғыдан ғылыми-педагогикалық еңбектерді оқып зерделеу қазақ этнопедагогикасында қазiргi мектеп практикасында математиканы оқытуда тиiмдi пайдалануға болатын материал баршылық екенін көрсетті.
Мақалада математиканы оқытуда ауызекi шығармашылық жанрларын (халық ертегiлерi, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, т.с.с.) педагогикалық мүмкiндiктерiн пайдалану тұрғысынан қарастырылды. Оларды дидактикалық тұрғыдан алғанда оқытуды ұйымдастыру тәсiлi немесе оқыту құралы ретiнде пайдалану жолдары көрсетілді. Сонымен қатар этнопедагогика құралдарын әр уақытта берiлген түрiнде пайдалана бермей, кейбiреулерінің желiсiн сабақтың ыңғайына қарай сәйкестендiрiп түрлендiрiп өзгерту қажет болатыны ескертіледі.
Этнопедагогика құралдарын тиiмдi пайдалану бағдарламалық мәселенi оқытудың пайдалылығын көрсетуге мүмкiндiк бередi, математика бастамасын оқытуда көрнекiлiктiң неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз етедi, оқыту процесiнде математиканың өмiрмен, теорияның практикамен етене байланысын орнатады.
Этнопедагогика құралдарының оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыратын мүмкiндiктерiнiң зор екендiгi айқындалды. Ол мүмкiндiктер ең алдымен оқыту әдiстемесiн жетiлдiрумен, оқушылардың математиканы оқуға қызығушылығын қалыптастырумен байланысты. Ал ол 6-10 жасар оқушылардың математиканы оқып-үйренуiнiң мотивациясына әсер етедi, сондықтан оқу нәтижесiне де оң әсерiн тигiзедi.