ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.109.4.008Түйінді сөздер:
онлайн платформалар, теориялық негіздеме, тиімділік, оқыту әдістері, тренинг, жекелендіру, вебинарлар, Google Docs – онлайн платформасы, кері байланысАннотация
Зерттеудің мақсаты, идеялары және негізгі бағыттары – ұсынылып отырған мақалада, заман талабына сай, ақпараттық сауаттылықты дамыту және қалыптастыру мақсатында білімгерлерге – жүргізілетін практикалық жұмыстар бойынша «онлайн платформаларды» оқыту әдістері беріледі. Зерттеудің негізгі мақсаты – осы әдістердің ішінде «Docs онлайн платформасын» оқытудың әдісін бере отырып, оның басқа платформалармен салыстырғандағы тиімділігін және олардың оқу үрдісіне әсерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы – зерттеу қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелерін шешуде «онлайн платформалардың» арасынан тиімділігі жоғары болып келетін, кез-келген ортада кеңінен қолданысқа ие Google Docs платформасының мұғалімдер мен білімгерлер үшін динамикалық және бірлескен кеңістікті ұсынатындығы. Сонымен қатар, Google Docs әмбебап және пайдаланушыға ыңғайлы табиғатына ерекше назар аудара отырып, онлайн платформалар арқылы қолданылатын оқыту әдістерінің күрделі гобеленін зерттейтіндігі болып табылады.
Зерттеу әдістемесі – зерттеуде аналитикалық әдістер, сондай-ақ әдебиеттерге шолу және білім берудегі онлайн платформаларды пайдалану жағдайына талдау жасалды. Google Docs платформасын зерделеуге жүйелі көзқарас пен мәселеге кешенді көзқарасты қалыптастыруды қамтамасыз етті.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындыларына келер болсақ:
- зерттеу нәтижесінде, онлайн платформаларды білім беруде қолдану жөніндегі материалдардың қолжетімділігіне басты назар аударылды;
- онлайн платформаларды пайдаланып білімгерлерді жеке-дара қашықтан оқыту мүмкіндігінің жүзеге асырылуы;
- онлайн платформаларды оқыту – білімгерлердің өз-ара, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері ынталандыру тұрғысынан тиімді екендігі анықталды.
- Түрлі, жаңа онлайн платформалар жөнінде теориялық тұрғыда негідеме беріліп, оны жастарға үйретудің әдіс-тәсілдері бойынша тұжырымдар жасалды;
- сонымен қатар, Google Docs – онлайн платформасын білімгерлерге оқытудың әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының құндылығы мен мәні – білімгерлерге, онлайн платформаларды пайдаланып қашықтан оқытуды меңгерудің тиімділігі және оларға заманауи әлемнің сан қилы сынақтарына дайын болу үшін – еліміздің білім беру ұйымдарында онлайн платформаларды пайдалану стратегияларын әзірлеуге негіз болғандығы.
Зерттеудің практикалық маңызы – зерттеу нәтижелерін кез-келген білім беру мекемелерінің мұғалімдері, оқытушылары мен білімгерлері онлайн формат ерекшеліктеріне бейімделген курстарды әзірлеу кезінде пайдалана алатындығы.