БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.013Түйінді сөздер:
АКТ-құзыреттілік, зертханалық сабақтар, жасанды интеллект, жоғары білім, жаратылыстану ғылымдарыАннотация
Мақалада «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәніндегі зертханалық сабақтарға жасанды интеллект технологияларын енгізудің әдістемелік тәсілдері мен педагогикалық әсерлері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі білім беруді цифрландыру жағдайында оқыту мазмұнын жаңғырту қажеттілігімен және болашақ педагогтардың кешенді АКТ-құзыреттілігін қалыптастыру міндетімен айқындалады. Жұмыста «алдын ала – эксперимент – кейінгі» үлгісіндегі тәжірибелік дизайн ұсынылған, оған сегіз мамандық студенттерін сауалнамалау, бір айға созылған (төрт сабақ) зертханалық курс өткізу, студенттерді бақылау және эксперименттік топтарға бөлу, сондай-ақ кейінгі қайталама сауалнама кіреді. Сауалнаманың сенімділігін тексеру үшін Макдональд Омега коэффициенті есептеліп, шкалалардың ішкі келісімділігінің жоғары деңгейін көрсетті. Алынған нәтижелер дисперсиялық талдау көмегімен өңделіп, студенттердің жауаптарында да, сұрақтар деңгейінде де статистикалық тұрғыдан мәнді айырмашылықтардың бар екені анықталды. Жасанды интеллектіні енгізудің әзірленген моделі толықтыру, автоматтандыру және дамыту қағидаттарына негізделіп, студенттердің мотивациясын арттыруға, сыни ойлауын, рефлексивтік және метакогнитивтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыстың практикалық маңызы – жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізуге арналған әдістемелік негізді қалыптастыру, ол оқу операцияларын автоматтандыру мен студенттердің дербес іс-әрекетін дамыту арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.
ҚАЗ
РУС
ENG