ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ БІЛІМ ЖОЛЫ: АҒАРТУШЫЛЫҚТАН ҚАЗІРГІ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТҚА ДЕЙІН
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.009Түйінді сөздер:
қазақ әйелі, білім алу, ағартушылық, алғаш мектептер, қазақ тарихы, гендерлік білімАннотация
Мақалада Қазақстанда білім беру жүйесінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қазақ әйелдерінің білім жолы, қазіргі Әділетті Қазақстан құрудың алғышарттарының бірі – әйелдердің әлеуметтік құқықтарының, олардың қоғамдық өмірдегі рөлінің маңыздылығы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуында қазақ әйелдерінің білім жолындағы тарихи үлесін айқындау болып табылады. Зерттеудің негізгі идеясы – қайраткер қазақ қыздарының білім алу жолын тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып, қазіргі заманда олардың ғылым, техника, инженерия, өнер, саясат алаңындағы орнын айқындау. Зерттеу барысында тарих, мәдениет саласындағы ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді талдау, қазақ әйелдерінің білім алу жолының тарихын зерттеу, библиография түзу және сандық әдістер қолданылды. Зерттеудің құндылығы ХХ ғасыр басында қазақ қыздары білім алуы үшін ашылған қазіргі Алматы қаласындағы алғаш семинария, Қызылордадағы екі жылдық мұғалімдер даярлайтын курстар, Орынбордағы өлкелік қазақ мектеп-коммуналары, Қазақстанның Орал, Шымкент, Ақмола, Қарқаралы, Павлодар т.б. ірі қалаларында ашылған мектептердің қазіргі білім беру жүйесін дамытудағы тарихи маңызының айқындалуында. Жұмыстың практикалық маңызы – қазақ қоғамындағы білім жүйесінің, халық ағарту ісінің дамуы тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тарихи дамуындағы сабақтастық мәселесінің нақтылануы, білім жолындағы, оны дамытудағы қазақ әйелдерінің тарихи лайықты орнын зерделеу. Зерттеу нәтижелері қазақ әйелдерінің білім беру жүйесіндегі даму тарихын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды қамтиды.
ҚАЗ
РУС
ENG