ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДА LESSON STUDY ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • Баядилова Гулсум Онгаровна Жұмыс орны (ұйымның толық атауы, қала) Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2858-4047

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.006

Түйінді сөздер:

Lesson study әдіс, білім беру бағдарлама, зертханалық жұмыс, практикалық негіз

Аннотация

Зерттеу тақырыбы туралы: Lesson Study үдерісін зертханалық сабаққа жоспарлау және оған өз ойлары мен ұсыныстарын енгізу барысында Lesson Study тобымен бірлесіп, олар дайындаған Lesson Study-ді талқылап, педагогикалық әдісті әзірлеу тәсілдері туралы ұсыныс енгізе алады. Бақылаушы ретінде және студенттер қатысып, сабақ қорытындыларын талқылауға ат салыса алады. Зерттеу барысында студенттер деңгейлік көрсеткіштері біршама өзгерді. Сыныпта жекелей тапсырмалар беріп, үнемі назарда ұстаса, тәжірибе барысы оң нәтиже бергенін қорытындылауға болады. Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары. Биотехнология пәнінің зертханалық сабағында қант өызылшасы өнімдерінен пектин алудың теориялық және практикалық негіздерін, жаңа технологияларын жетілдіру. Қызылшаны кептіру мен целлюлозаның теориялық және практикалық аспектілерін жетілдіру. Алматы облысында қант қызылшасы өндірісінің жұмыс істеу тиімділігіне ретроспективті талдау жүргізу және экономикалық бағалау нәтижелері негізінде қант қызылшасы өндірісінің қазіргі жай-күйінің үрдістерін айқындау. Жүргізілген зерттеудің құндылығы қазіргі уақытта елде пектинді тұтыну көлемінің тұрақты өсуі негізінен сүт өнеркәсібінде және алкогольсіз сусындар өндірісінде импорттық пектинді қолдану аясын кеңейту есебінен байқалады.  Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы. Пектиннің бактерияға қарсы, антиоксидантты және детоксикациялық қасиеттері оны функционалды тағамның ажырамас компонентіне айналдырады. Әлемде өндірілетін әртүрлі мақсаттағы пектиндердің 85-90% тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, бұл дәстүрлі және электрофизикалық әдістерді қолдануға негізделген пектин алудың жаңа технологияларын жасауға, жоғары сапалы пектиндерді, соның ішінде жоғары сорбциялық қасиеттерді алуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

28.03.2025