ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕДЕ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ АДАПТАЦИЯ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.016Түйінді сөздер:
ұлттық ою-өрнек, гипс бұйымдары, ұлттық болмыс, мемектепке дейінгі білім беру, педагогикалық даярлық, қазақ ұлттық ойындары, мәдени мұра, этномәдени білім беру, ұлттық құндылықтарАннотация
Бұл мақала Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселе – болашақ педагогтарды ұлттық мәдениет құндылықтары негізінде кәсіби даярлаудың тиімді жолдарын іздестіруге арналған. Зерттеу жұмысының жаңалығы мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларында бұрын-соңды қолданылмаған, бірегей әдістемелік тәсіл ұсынуында. Ол – студенттердің шығармашылық және педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту үшін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген әртүрлі гипс бұйымдарын (киіз үй, асық, қобдиша, ұлттық бас киім үлгілері) жасау және көркемдеу процесін пайдалануға негізделген. Мақалада гипс құюдың технологиялық аспектілері, дәстүрлі ою-өрнектердің семантикасы мен символикасы, сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлерінің мектепке дейінгі білім берудегі дидактикалық әлеуеті қарастырылады. Тәжірибелік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аталған әдістеме студенттердің шығармашылық белсенділігінің орташа есеппен 35%-ға артуына, ұлттық мәдениетке қызығушылығының 40%-ға жоғарылауына және кәсіби-педагогикалық дағдыларының сапалық жағынан жақсаруына ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістемелік ұсынымдар мен практикалық материалдар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына және оқытушыларына ұлттық-мәдени білім беруді ұйымдастыруда көмекші құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.