«АДАМ АНАТОМИЯСЫ» ПӘНІНЕН ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.4.014%20Түйінді сөздер:
адам анатомиясы, биология, жаппай ашық онлайн курсы, ғылым, модельдер, платформа, Stepik, мүмкіндік, тәсіл, зерттеу, оқыту, формат, кері байланыс, әзірлеуАннотация
Бұл мақалада «Адам анатомиясы» пәнінен жаппай ашық онлайн курсын әзірлеудің
негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – курсты әзірлеудің негізгі
ерекшеліктерін анықтау арқылы білім беру сапасын жақсарту және цифрлық
технологияларды интеграциялаудың тиімді жолдарын көрсету. Мақаланың негізгі идеясы – «Адам анатомиясы» пәнін жаппай ашық онлайн курсы (ЖАОК) форматында әзірлеудің
ерекшеліктерін анықтау және оны тиімді жүзеге асырудың әдістемелік, технологиялық
және педагогикалық негіздерін ұсыну. Мақалада жаппай ашық онлайн курсының
тиімділігін арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар талқыланып,
интерактивті құралдар, анатомиялық модельдер мен виртуалды зертханалардың
маңыздылығы атап өтіледі. Сонымен қатар, курстың құрылымы, мазмұны, бағалау
жүйесі мен студенттермен кері байланыс орнату тәсілдері түсіндіріледі. Адам
анатомиясын онлайн оқыту барысында теориялық білім мен практикалық дағдыларды
тиімді үйлестіру жолдары, сондай-ақ студенттердің оқуға деген қызығушылығын сақтау
үшін қолданылатын мотивация әдістері қарастырылған. «Адам анатомиясы» пәнінен
жаппай ашық онлайн курсын әзірлеу бірнеше маңызды ерекшеліктер мен әдіс-тәсілдерді
талап етеді, себебі бұл пән теория мен практиканы үйлестіретін күрделі ғылым.