ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ХИМИЯДАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.4.008%20

Түйінді сөздер:

цифрлық технологиялар, заманауи білім, қашықтықтан оқыту, инновация, жаһандану, өзіндік жұмыс, оқыту, ресурстар

Аннотация

Бұл мақалада білім беру жүйесінің заманауи цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері қарастырылып, қашықтықтан оқыту білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналғанын көрсетеді. Ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату жылдамдығымен байланысты цифрлық технологиялардың сөзсіз артықшылықтары айқын. Заманауи электронды компьютерлер, гаджеттер және басқа да цифрлық технологиялар адам жұмысын мыңдаған есе жылдамдатуға мүмкіндік береді. Мақалада  химия мамандығында студенттерге оқытылатын бейорганикалық химияны оқытуда білім беру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған өзіндік жұмыстар жайында айтылған. Бұл өзіндік жұмыс кезіңдеріне: бейорганикалық химиядан жаңа материалды оқу кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыс; білім мен дағдыларды жетілдіру және қолдану кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыс; алған білім мен дағдыларды бақылау және бағалау кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыс деп бөлінген. Сонымен қатар мақалада студенттерге жүргізілген сауалнама жайында, яғни бір мезгілде студенттер электронды байланыс арқылы өзіндік жұмысқа тартылу деңгейіне қарай сараланғаны туралы баяндалған. Авторлар білім беру форматын жақсарту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысы ерекше назар аударуды қажет деген тұжырым жасайды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

27.12.2024