ЛИМОН ҚЫШҚЫЛЫН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.109.4.018Түйінді сөздер:
лимон қышқылы, тереңдік ашыту, aspergillus niger, ферментатор, меласса, мицелий, штамм, конидияАннотация
Мақалада өнеркәсіптік биотехнологияның негізгі бағыттарының бірі органикалық қышқылдардың микробиологиялық өндірісі болып табылатыны жайлы айтылады, олардың көптеген функционалды қасиеттері оларды халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданудың кең саласын анықтайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — тағам және өңдеу өнеркәсібінде қышқылдандырғыш, антиоксидант және консервант ретінде қолданылатын лимон қышқылы, біздің елімізде оны өндіру ұйымдастырылғаннан бері сұраныс үнемі өсіп келе жатқан тапшы өнім болып табылады. Сондықтан да қазіргі кезде микробиологиялық өндірістің ғылыми негіздерін дамыту және лимон қышқылының биосинтезін реттеу лимон қышқылын өндіру үшін технологиялар мен шикізат ресурстары саласында мақсатты және ғылыми негізделген саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Лимон қышқылының тиімді штамм-продуценттерін таңдауға, сапасы әртүрлі дәстүрлі және жаңа шикізатты ашытуға, терең культивациялаудың оңтайлы технологияларын жасауға жүйелі, ғылыми — регламенттелген көзқарастың болмауы осы бағытта ғылыми зерттеулердің қажеттілігін айқындады. Осыған байланысты жаңа жоғары өнімді штаммдарды— лимон қышқылы продуценттерін құру, шикізаттың жаңа көздерін іздеу және қоректік ортаны ашытуға дайындаудың ғылыми негізделген технологиялық тәсілдерін әзірлеу және өнеркәсіпке жаңа технологияларды енгізу өзекті бола түсуде.