ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АЛГЕБРА ПӘНІН ОҚЫТУДА CONCRETE-REPRESENTATIONAL ABSTRACT(CRA) ӘДІС-ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.112.3.008%20Түйінді сөздер:
Concrete-Representational-Abstract, манипуляция, оқуда қиындықтары бар оқушы, алгебралық теңдеу, бейнелік, абстрактіліАннотация
Мақалада алгебра сабағында алгебралық теңдеулерді түрлендіру тақырыбын оқыту
барысында математикалық манипуляцияны қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін
және қабылдау дағдыларын арттыруға бағытталған аралас әдістердің тиімділігі
қарастырылады. Бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылатын математикалық
манипуляциялар мен Concrete-Representational-Abstract(CRA) (Нақты-Бейнелік-Абстактілі)
әдісі орта мектептерде сирек кездеседі. Бұл әдістердің жеткіліксіз қолданылуы оқытудың
тиімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан мұғалімдердің дұрыс оқыту тәсілдерін таңдап,
әр оқушының ерекшеліктерін ескеруі маңызды. Мақалада оқыту әдістерінің оқушылардың
қызығушылығы мен білім нәтижелеріне тікелей ықпал ететіні атап өтіледі. Егер
қолданылған тәсіл оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес болмаса,олардың пәнге деген
ынтасы төмендеп,күтілген нәтижелерге қол жеткізу қиындайды. Сонымен қатар, әр
оқушының ақпаратты қабылдау ерекшелігі әртүрлі екені ескеріледі. Бір оқушылар
абстрактілі ойлауды жеңіл меңгерсе, басқаларына визулады түрде үйрену тиімдірек болады.
Жүйелі және нақты түрге жүгінетін Concrete-Representational-Abstract(CRA) тәсілі
оқушыларды тағайыдалған үш сатылы кезеңмен оқытады. Мұнда оқушылар белгілі бір
объектілерді манипуляциялау арқылы есептерді шешеді, содан кейін cол объектілерді
бейнелейді және абстрактілі таңбалар арқылы математикалық есептерді шешумен
аяқтайды. Көптеген зерттеушілер математиканы оқытуда әртүрлі әдістерді талдай
отырып, CRA тәсілімен білім алатын оқушылардың дәстүрлі әдіспен оқитындарға қарағанда
математикалық бейнелеу және логикалық ойлау қабылеттерінің едәуір жақсарғанын атап
көрсетеді. Бұл әдіс оқушылардың түсінігін кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік беріп,
олардың математикаға деген қызығушылығы мен дағдыларын тиімді түрде арттырады.